Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    240
  • Кеше
    314

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні.

2208

31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай колледж студенттері  гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық еске алу рәсімі болды. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат берілді. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға, сондай - ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. "Жаппай саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтау туралы" ҚР - ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын - сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Жастар, әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата - баба рухына тағзым ету мақсатында өткізілді

 

Соңғы жаңалықтар

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1860

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2209

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2206

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...

  • «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы
    29 Наурыз 2024 ж. 1816

    2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді. Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты. Форум аясында 9 әдістемелік...

  • «Көркем аруы» байқауы
    15 Наурыз 2024 ж. 1163

    2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.  Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22  тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз,...

  • Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты
    01 Наурыз 2024 ж. 1853

    2024 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қарағанды ​​қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты өтті. Бұл Чемпионатқа БББ-21 тобының студенті Сарсенбаева Малика қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз және Абу-Дабиде өтетін Әлем Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!