Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    169
  • Кеше
    476

Жаңалықтар мұрағаты

Есімдері аңызға болған батырлар

  

Жидков Александр Ефимович

image001

1924 жылы 29 наурызда дүниеге келген.1942 жылы тамызда майданға шақырылды.585-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинград шайқасында гитлерлік топтарды жою үшін, Корсунь-Шевченко және Яссо-Кининевскіде шайқасында неміс әскерлерін талқандау үшін қатысқан. Соғыста екі рет жараланған.III дәрежелі.Салава орденімен,«За Победу над Германией» медалімен, «За бевые заслуги» және басқа да медальдармен марапатталды.1984 жылға дейін Павлодар педагогикалық колледжінде алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып жұмыс істеді.

   

Абдрахманов Мади

  image002

1924 жылы 15 наурызда Ақсу селосында дүниеге келді (Қазіргі Май ауданы) Павлодар облысы.1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысты. «За боевые заслуги», «За взятие Берлина», «За победу над Германией» медальдарымен марапатталды.Соғыстан кейін Абдрахманов М. мұғалімдік жұмысына оралды.Көп алғыс хаттары мен грамоталарға ие болды. «Отличник народного просвещения» төс белгісімен марапатталды. 

  

Абенов Какен

image003

1923 жылы Павлодар облысы, Успенск районында  дүниеге келген. 1941 жылдың желтоқсанында Қызыл Армия қатарына өз еркімен барды. Алғашқы шайқасты Калинин және Ржев-Сычев майдандары бағытында бастады.  Латвия және Шығыс Пруссия жерлерін азат ету үшін 1-ші Прибалтика майданының құрамында болды.Екі Қызыл жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен, 101-ші атқыштар бригадасының ескерткіш белгілерімен, 47-ші Невель атқыштар дивизиясында Ленин және Суворов ордендерімен, «Воину – освободителю Латвии»,  «Союзники Победы – Вторая мировая война» медальдарымен марапатталды.БҰҰ бейбітшілік фондының Ассоциясының, Дүниежүзілік ардагерлер федерациясының, Халықаралық ардагерлер фондының мерейлік  медальдарымен марапатталды

 

Аликов Рахимберды Жакиянович

image004ьт

1918 жылы Павлодар облысының Баянауыл районының №12 ауылында дүниеге келді.1939жылы Әскер қызметіне шақырылды.Қысқа уақыт аралығындағы  әскери дайындықтан кейін Карельск мойнағындағы шаңғышылар батальон құрамында ақ финдарға қарсы шайқасты.Смоленск, Ярцево,Вязьма қорғаныс соғыстарында және Сталинградпен Курск шайқастарына қатысты.Украина және Молдова жерлерін, Европаны азат ету үшін соғысты.«За отвагу», «За освобождение Праги»,«За взятие Будапешта», «За взятие Вены» медальдарымен марапатталды.1946жылыПавлодар қаласына оралып, сырттай Семей педагогикалық институтын бітірді. Өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысты.

 

Ахметов Бейсен Ахметович

image005

Ахметов Бейсен Ахметұлы 1913 жылы Павлодар облысының, Ермак (Ақсу) аудынында кедей, қарапайым малшы отбасында дүниеге келген. 1942 жылы осы атқыштар бригадасы негізінде 207-атқыштар дивизиясы жабдықталып, капитан Ахметов-штаб бастығының көмекшісі болады. Бейсен Ахметұлы өз дивизиясымен Мәскеу түбіндегі шайқасқа,1943 жылы 207-атқыштар дивизиясы Белоруссияға ауыстырылып, Смоленскіні азат ету соғысына қатысты. 1943 жылы Орша түбіндегі ұрыста Ахметов ауыр жараланды. 1944 жылы Ахметов тылға 2 топтағы мүгедек ретінде шығарылды.  «За оборону Москвы», «За победу над Германией», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне» медальдарымен марапатталады.1947-1972жылдары Павлодар педогигалық училищесінің қызметін атқарды. Бейсен Ахметовтың педагогтік қызметі «Халық ағарту озаты» (1947 жыл), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1960 жыл), «ҚазКСР-на еңбегі сіңген  ұстаз» (1961 жыл) және басқа мемлекеттік марапаттаулары жоғары бағаланады. 1977 жылы оған Павлодар қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 1996 жылы колледжге Бейсен Ахметұлы Ахметовтың есімі берілді. 1984 жылы Бейсен Ахметов қайтыс болды.

  

Алимбаев Музафар

image006   

1923жылы 29қазан Павлодар облысы, Щербақты районының Маралды ауылында туды. 1941жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітірген соң, Мұзафар Алимбаев Қызыл Армия қатарына өз еркімен барды. Калинин майданында соғысқа қатысты. Оның мақалалары әскери баспасөзде жарияланды. Соғыстан кейін «Қазақ әдебиеті» республикалық әдеби газеті редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1952 жылдан бастап КСРО жазушылар одағының мүшесі. 1958-1986жылдары«Балдырған» журналының бас редактор қызметінде жұмыс істеді.

  

Бузунов Федор Васильевич

image007

1923 жылы Павлодап облысында дүниеге келген.1940 жылы педучилищеге оқуға түсті. 1941 жылы бірінші курсты бітіргеннен кейін, майданға аттанды. Оқуын соғыстан кейін жалғастырды. Сталинград шайқасына, Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. Көрсеткен ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен,«За взятие Берлина» медалімен марапатталды. 1948-1951жылдары Павлордар Педагогикалық училищесінде оқуын жалғастырды.1957 жылы сырттай Семей пединститутын бітірді. Облоно инспекторы болып жұмыс істеп, содан кейін Павлодар мектептерінде басқарушы қызметін атқарды.1967жылдан бастап Кежекөл мектебінде оқу ісі орынбасарының қызметін атқарды.

 

Вахрушев Павел Васильевич

image008

1914 жылы Павлодар облысында туған. Соғысқа дейін Павел Васильевич №7 Лениногородской мектебінде директор болып жұмыс істеді. 1942 жылдың қаңтар айында соғысқа кетеді. Соғысты Волховском майданында бастады. 1943 жылдың аяғында Польской армиясында лейтенант болды. Ерлігі мен жігерлігі үшін Павел Васильевич Польша астанасында Қызыл Жұлдыз және польшалық медальдармен марапатталды, бірақ сол уақытта оны ала алмады. 30 жылдан кейін ғана медальдарымен марапатталды. Павел Васильевич 2 орденге ие болды. Олар:  «Серебряный крест  - заслуги», «Варшава медальдары» және «Победы и свободы 1945 года». Соғыстан кейін Павел Васильевич Шығыс Қазақстан облысының мектебінде  көп жылдар бойы тарих пен география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

 

Дауенов Бекен Кусаинович

image009

1924 жылы 4-ші мамырда Павлодар облысы, Щербақты ауданында дүниеге келген. 1941жылы күзде Павлодар облысының Щарбақты әскери комитетінен майданға шақырылды. Әскери соғыс жолдары Балтық  және 1-ші Беларусь майдандарынан басталып, пулеметшілер взводының командирі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін, Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. 1946 жылы өзінің еңбек жолын Щарбақты ауданының Жылыбұлақ орта мектебінен бастады. 1983 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етті. «Отличник   просвещения Казахской ССР» белгімен марапатталды.2013 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Дюсенов Калы Дюсенович

image010

1920 жылы Қаракесек ауылында (қазіргі Қызылқоғам селосы) Павлодар облысы Лебяжі ауданында дүниеге келді. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесіне оқуға жіберілді. 1941 жылы училищені жедел аяқтап, лейтенант атағымен Солтүстік Кавказдағы әскер құрамына жіберілді. 392-атқыштар девизиясының құрамында, неміс-фашист әскерлеріне қарсы Кавказ қорғанасындаға шайқасқа қатысты. Кейін, 62- атқыштар девизиясының, 186- атқыштар полкінде атқыштар ротасының командирі ретінде соғысты. Украина, Румыния, Венгрия жерлерін жаудан азат ету шайқастарына қатысты. 1945 жылы 27 наурызда ауыр жараланып, бір аяғынан айырылды. 1946 жылы майданнан оралды. Лебяжі ауданының Қызыл әскер интернатында тәрбиеші, кейін бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. II дәрежелі Отан соғысының орденімен және Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. 40 жыл мұғалім болып істеді. Халық ағарту ісінің үздігі. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

 

Елюбаева Кантай Амерхановна 

image011

Елубаева Қантай Әмірханқызы 1924 жылы 25 наурызда Семей қаласында дүниеге келді. 17-жасында майданға аттанды.1942 жылы 15 мамырында алаңда қысқа митингтен кейін щақыру қағазы бойынша шақырылғандармен тауар вагондарына отырғызылып, поездбен Шығысқа бет алды. Хабаровск қаласына келді, онда жарты жыл кіші авиақұрам мектебінде оқыды. Атушы – техник мамандығын алып, 149 дивизиясының 18 – інші Жоюшы авиаполькінің бірінші эскадрильясына жазылды.Соғыс біткенге дейін шекаралардың қорғанысын қамтамасыз етіп, Қиыр Шығыста қызмет етті.Жапониямен соғысқанда генерал Пуркаевтың қол астында 2 – нші алыс Шығыстағы майданның қызмет ететін әскер құрамында қатысты. Еліміз  Кантай Амерхановнаның жауынгерлігін лайықты түрде бағалады, ол: Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За Победу над Японией», «За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны 1941-1945гг.» медальдарымен марапатталды.1949-1994жылдар аралынға да Павлодар педогигалық училищесінде тарих пен қоғамтану оқытушысы болып және бастауыш сынып оқушыларының әдіскері болып жұмыс істеді. Үздік жұмыс үшін оған жоғары марапаттар ұсынылды: «Отличник просвещения Каз.ССР» және «Отличник просвещения СССР». Сонымен бірге ол «Ветеран труда» және «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со Дня рождения В. И. Ленина» медальдарымен марапатталды.2012жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды.

 

Жуманов Кабиден

image012

Павлодар облысының Железинск ауданында 1919 жылы 15 қыркүйекте туған.1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Ачинск қаласының саяси мектебінде қызметті өткен. 1939-1940 ж. фин соғысына қатысқан. 1941-1945 ж. аралығында Ұлы Отан соғысының майдандарында соғысқан. Днепр өзенін тездетіп өтуге, Висла және Одер өзендерінің маңайындағы операцияларға қатысқан. Варшава мен Прага қалаларын азат етуге қатысқан.  Көптеген жарақаттар алған.1947 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітірді, ал 1956 жылы Семей педагогикалық институтын сырттай оқып бітірді. Баянауыл ауданының «Жосалы» кеңшарының орта мектебінде мұғалім қызметін жұмыс істеді.«За освобождение Праги», «За освобождение Варшавы»,  «За взятие Берлина», «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен марапатталған.

 

Кабулов Касым Алинович

image013  

Новосибир облысының Карасук ауданының Карасартов ауыл кеңесінің Алыбай ауылында туған.1938 жылы Павлодар педагогикалық училищесінің сырттай оқу бөліміне түсті; 1941 жылы оқуды аяқтау сынақтарын өткізетін комиссия шешімімен оған бастапқы сыныптар мұғалімі мамандығы мен атағы берілді. 1932 ж 21 маусым күнінен 1941 жылдың 5 қыркүйек күніне дейін Алыбаев бастапұы сыныптар мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарды.  Одан кейін майданға шақырылды. Волхов майданында соғысты; ауыр жарақат алды (сол қолы шынтаққа дейін болған жоқ).1943 жылдың наурыз айында майданнан қайтып келгеннен кейін Жана-Дуньин бастапқы сыныптар мектебінің директоры болып тағайындалды. 1949 жылдың тамыз айынан бастап Ақпан бастапқы сыныптар мектебінің меңгерушісі болды. 1950 жылдың желтоқсанынан 1952 жылдың 20 маусым күніне дейін ауыл кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Мектепке қайта оралып, Қазақ Саламат бастапқы сыныптар мектебінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1969 жылы қайтыс болды.Қызыл Жұлдыз орденімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945», «20 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен марапатталды.

 

Кабышев Актай Кабышевич

image014

Павлодар облысының Ермак ауданының Қызылжар ауылында 1919 жылы 15 мамыр күні туған.Педагогикалық техникумның түлегі. 1941 жылға дейін Ермак ауданының Калинин мектебіндегі математика мұғалімі ретінде қызмет көрсетті. 1941 жылы майданға шақырылды.1941-1946 ж. Владивостоктағы, Камчаткадағы және Куриль аралдарындағы әскери әрекеттерге ІІД-нің 59 бөлімшесінің құрамында қатысты. Жапониямен болған соғысқа қатысқан.1946 жылы Отанға оралып, өзінің педагогикалық қызметін жалғастырды. 1946-1976 жылдар аралығында Ермак ауданының Калинин ОМ директоры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, математиканы оқытты. 1976-1986 ж. –Қызылжар кеңшары директорының орынбасары. 1986-2005 ж. – соғыс ардагерлері қоғамының төрағасы. Ақсуның аудандық кеңесінің депутаты. 2008 жылы дүние салған.Кеңес Одағы Маршалы Жуков Г.К медалімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945»  медалімен, «20,30,40,50,60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945» мерейтойлық медальдарымен, «Ветеран труда», «За доблестный труд в ознаменование 100 - летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина», «Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева» (1995) медальдарымен, «Победитель Социалистического соревнования» (1973-1976), «Отличник народного просвещения Каз. ССР» белгілерімен және көптеген мақтау қағаздары мен  алғыс айту хаттарымен марапатталған.

 

Касымов Нуркен Касымович

image015

Павлодар облысының Былқылдақ ауылында 1924 жылы туған.Мектепті бітіргеннен кейін майданға өз еркімен кетті. Одессадан Уральск қаласына көшірілген К. Ворошилов атындағы әскери училищеге жіберілген. Майдандағы қиындатылған жағдайға байланысты курсанттарды Оңтүстік-Батыс майданға дереу жіберді. Сталинград астындағы ұрыстарға қатысты. Курск қаласындағы 21-ші әскерде кіші лейтенанттар курстарында оқыған. Содан кейін, кіші лейтенант атағында автоматшылар взводының командирі лауазымында Орлов-Курск доғасындағы Прохоровка аулын қорғау шайқастарына қатысқан. Белгород, Харьков, Полтава, Сума қалаларын азат ету ұрыстарында болған. 1943 жылы Кременчуг астында қатты жарақат алды. Томск қаласының госпиталінде емделгеннен кейін екінші топ мүгедегі болып әскерден қайтты.Жанаауыл оқу пунктінде майданға аттанатын жаңа шақырылған сарбаздарды әскери іске оқытып, жұмысың жалғастырды.Соғыстан кейін мұғалім болып жұмыс істеп, Павлодар педагогикалық училищесін, содан кейін Семей педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай оқып бітірді. Былқылдақ, Жанаауыл, Березовка, Жетекші ауылдарындағы балаларды оқытты. Соңғы 30 жыл аралығында Павлодар ауданындағы Набережное аулында оқу ісінің меңгерушісі, директоры, мұғалімі болып жұмыс істеді.Жауынгерлік Қызыл Белгі орденімен, «За отвагу», «отличник  образования Республики Казахстан» медальдарымен марапатталған.

 

Киян Владимир Никифорович

image016

Павлодар облысында 1922 жылы туған.Соғысқа дейін Павлодар педагогикалық училищесінде оқып, 1940 жылғы түлек болған. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін майданға кеткен.  Зеңбірекшілер бөлімшесін басқарған.  Әскери тапсырма орындаған үшін Киян М. Қызыл Белгі орденімен марапатталған. Содан соң оны Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен марапаттап, капитан атағын берген. Киян М. Отан үшін соғысып, 1944 жылы батыр қазасымен қайтыс болған. Жауынгерлер өз командирін Висла өзенінің жағасында жерлеген. Қабірдің алдында жауынгерлер командирдің қазасы үшін кек алуға ант берген. Сол күні олар 100 астам гитлершілдердің көзін жойған. Бұл туралы Львов қаласында 1945 жылы 1 қантар күні басылып жазылған.Отан соғысының 1-ші дәрежелі және Қызыл Белгі ордендерімен марапатталған.

 

Кожахметов Сейтказы Канапьянович

image017

Павлодар облысында 1924 жылы туған.Павлодар педагогикалық училищесінің 1942 жылғы түлегі. Ұлы Отан соғысының майдандарында соғысқан. Соғыстан соң тұрмыстық қызмет ету облыстық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» медальдарымен марапатталған.

 

Козин Петр Лаврентьевич

image018

Павлодар облысының Успенск ауданының Белоцерковка ауылында 1921 жылы дүниеге келген.Педагогикалық колледждің 1938 жылы түлегі.Соғысты бірінші күндері Петр Лаврентьевич Козин майданға аттанған. Ол Мәскеулік халық жасағының Краснопресненск дивизиясының жиырма екінші атқыш полкінің пулеметшілер ротасын басқарған. 1941 жылы Козин П.Л. Мәскеуден алыс орналасқан іргедегі ұрыстарға қатысқан. Вязьма қаласында соғысқан оның дивизиясы қоршауға түсіп, жауға қарсы тұрып шыққан. Жауынгерлер Мәскеуді қорғауға үлкен үлесін қосқан.Соғыстан кейін Петр Лаврентьевич Козин Павлодар педагогикалық училищесінде тарих мұғалімі болып жұмыс істеген. 1955 жылдан бастап облыстық туристік станциясының директоры қызметінде жұмыс атқарды. Козин П. Л. Екі медальмен марапатталған.

 

Косогоров Павел Анисимович

image019

Павлодар облысында 1917 жылы туған.Рота командирі П. А. Косогоровтың жауынгерлік жолы Мәскеуден Варшаваға дейін созылып, сонымен бірге, Кенигсбергті қосты. Беларуссияға азат етуге, Витебск бағытындағы ұрыстарға қатысты. Косогоров П. А. Польшаны неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. Төрт рет жарақат алып, екі рет зақымдалған.Соғыстан соң Павлодар облысының мектептерінде еңбек еткен.Қызыл Жұлдыз, «Славы 3 – ей  степени» ордендерімен, «За отвагу», «За  боевое отличие»,  «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен, «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «25 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945»,  «50 лет Вооруженных Сил СССР» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

Маликов Айтыш

  image020

Павлодар облысының Баянауыл ауданының Егіндібұлақ ауылында 1920 жылы 20 шілде күні туған.1942 жылы Павлодар педагогикалық училищесінің 3-ші курсынан үздік оқушы ретінде аттестатты алып майданға аттанды.Майдандарда бірінші Атты корпустың құрамында, 1-ші Украиналық майданның, 7-ші Кавалериялық полктің, 2-ші Кавказдық дивизияның құрамында соғысқан. 1942 жылдан бастап 1944 жылдың сәуір айына дейін Подмосковьеден Батыс Украинадағы Львов қаласына дейінгі соғысқа қатысты. 1944 жылдың сәуір айында А. Маликовты Тамбов минометшілер училищесіне оқуға жіберді. Ол оны 1945 жылдың қазан айында кіші лейтенант офицерлік атағын алып бітірді. 1946-1965 жылдар аралығында Баянауыл аудан комитетінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: есеп секторының меңгерушісі, әскери бөлімнің меңгерушісі, парткабинеттің меңгерушісі, аудан комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі.  1965-1983 жыдары. – Баянауыл аудандық орындаушы комитетінің жауапхатшысы (зейнетке шыққанға дейін). 1983-1993 жылдары. – Баянауыл ауданындағы ескерткіштер сақтау бойынша комитеттің төрағасы.Қызыл Жұлдыз,  Отан соғысының, 3-ші дәрежелі Мәртебе ордендерімен; «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен; «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» (1965), «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» (1975), «50 лет Вооруженных Сил СССР» (1967), «60 лет Вооруженных Сил СССР» (1978), «За освоение целинных земель» (1956), «За доблестный труд; «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина» (1970) мерейтойлық медальдарымен; Павлодар облысы халық депутаттарының Кеңесінің орындаушы комитетінің (1970), Павлодар облысы халық депутаттарының Кеңесінің орындаушы комитетінің мақтау қағаздарымен (1980) марапатталған.

 

Костров Александр Михайлович

image021

Кострома облысының Чухломск ауданының Красная Нива ауылында 1920 жылы 16 маусым күні туған.1940 жылдың қыркүйек айында Қызыл Әскерге шақырылған.  Хабаров шекаралық округінің 70-ші шекаралық жасағында қызмет етіп, саяси жетекшінің орынбасары ретінде тағайындалған. 1942 жылдың қантарынан бастап саяси жетекші. 1945 жылдың тамыз айында 70-ші шекаралық жасақ әскерінің қосынды тобы құрамында Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан. Хабаровскта 120-шы бөлек шекаралық байланыс батальонының комсомол ұйымының хатшысы болып тағайындалды.Әскерден 1949 жылы қайтқаннан кейін, Павлодарға келді.  «Майкаинзолото» комбинатының саяси бөліміне комсомолдық жұмыс бойынша саяси бөлім басшысының көмекшісі ретінде жіберілген. 1954 жылдың қазан айында саяси бөлімді жапқаннан кейін, Краснокутск ауданына «Приозерный» тың кеңшарының партиялық ұйымының хатшысы ретінде жіберілді.  1956 жылы партияның аудандық комитетіне – ұйымдық бөлімнің меңгерушісі ретінде қайта шақырылған. 1964 жылы КОПК ОК Жоғары парьтялық мектебін аяқтаған. Павлодар обком-да партия нұсқаушысы, обком-ның бірінші хатшысының көмекшісі болып жұмыс істеді. 1966 жылдың маусым айында А.М. Костров Павлодар облысының ішкі істер органдарына қамауға алу орындарындағы бөлім басшысының саяси-тәрбиелеу бойынша орынбасары қызметін (кейінірек – түзету-еңбек ету мекемесі басқармасының ) атқаруға жіберілді. 1975 жылы ауруға байланысты ішкі істер органдарынан босатылған. Бірақ, зейнетке шықаннан кейін де ішкі істер органдарымен байланыста болған. 1978-1983 жылдары аралығында Павлодар облысының ІІБ-ң кәсіподақтардың үйымдастырылған комитетінің төрағасы болып тағайындалып жұмыс істеді.Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945», «За Победу над Японией» медальдарымен, «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945» мерейтойлық медальдарымен,  «За трудовое отличие» (1956), «За освоение целинных земель» (1956) медальдарымен марапатталған .

 

Крашинельник Николай Матвеевич

image022

Павлодар облысында 1921 жылы туған.1938 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітіріп, 1939 жылдың қазан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Авиациялық училищені бітіріп, авиациялық механик қызметін атқарған. Барлық соғысты алғашқы күннен соңғы күнге дейін өткен. Мәскеуді қорғауға қатысып, 2-ші Беларуссиялық майданда соғысқан.Соғыстан кейін Алма-атылық пединститутты (1954 ж) география мұгалімі мамандығы бойынша сырттай оқып аяқтаған. Бірқатар мектептердің директоры қызметінде болды, соның ішінде Б. Хмельницкий атындағы ОМ директоры.Қызыл Жұлдызы орденімен, «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медалімен, «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «40 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

Крыштак Петр Петрович

image023
Павлодар облысының Качир ауданының Верненка ауылында 1924 жылы 25 қыркүйек күні дүниеге келген.1942 жылы 8 сынып оқып бітірген. 1942 жылы тамыз айында Качир АӘК-мен шақырылған. Семейге аттанып, одан кейін сержант атағында бітірген Қызыл ту орденді жаяу әскер училищесіне жіберілді. Ұрысқа бірінші рет Мясоедово, Мелихово, Шейко ауылдарының ауданындағы Белгород жерінде қатысқан.  1943 жылы Курск доғасына автоматшы болып соғысқан. Жарақат алды. Свердловск облысының Камышлов қаласындағы госпитальда емделді. Жазылғаннан кейін СУ-120 өздігінен жүретін қондырғыларының нысанашысы ретінде қызмет атқарып, содан кейін жойғыш батальонында нысанашы болған. Украинаға, Польшаға азат етуге қатысқан. Бір қатты және үш жеңіл жарақат алған.1947 жылдың наурыз айында әскерден қайтқан. 1951 жылы бітірген педагогикалық училищеге сырттай оқуға түскен. 1947-1958 ж. аралығында Иванов бастапқы сыныптар мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1958 жылдан бастап – Калинов орта мектебінде бастапқы сыныптар мұғалімі, 5-6 сыныптардың тарих, дене тәрбиесі, математика мұғалімі, 5-8 сыныптардың еңбек мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды . 1984 жылы лайықты демалысқа шықты.Отан соғысының орденімен, «За отвагу», «За Победу над Германией» медальдарымен, Маршала Жуков медалімен, 94-ші гвардиялық атқыш дивизиясының  құрметті белгісімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 

Купавченко Николай Пантелеевич

image024

Павлодар облысының Шербақты ауданының Галкино ауылында 1912 жылы туған.1941 жылы қолданыстағы әскерге шақырылған; соғысқан, жарақаттар алған. Николай Пантелеевич –Ұлы Отан соғысының 2 топтағы мүгедегі.Соғыстан кейін педучилищенің бұрынғы директоры Семенякой Г. В. бірге жасырын бөлімде қызмет атқарған. Содан кейін бірқатар мектептер директоры болып жұмыс істеді: Галкино орта мектебінде, Шалдай орта мектебінде, Ямышев орта мектебінде жұмыс істеп зейнетке шықты.

 

Лысенко Зинаида Игнатьевна

image025

Павлодард қаласында 1921 жылы туған.1942 жылдың мамыр айында 33 комсомолка-әйелдер қатарында Зинаида Игнатьевна өз қалауы бойынша әскерге кетті. 4,5 ай бойы қыздарды радиошы-телеграфшы мамандығына оқытты. Оқуды бітіргеннен кейін, Лысенко З. И. 46 ОСБР жаяу әскер құрамында Мәскеуді қорғауға, Старая Руссадағы, Ленинградтағы, Холмдағы, Двинсктегі ұрыстарда болды.  Зинаида Игнатьевна Латвия, Литваны, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысты.Кенигсбергті азат еткеннен кейін қатты жарақат алып, Жеңіс күнін госпитальде қарсы алды. 1946 жылы күйеуінің қызмет ету жеріне байланысты Польшаға кетті. 1947 жылы күйеуінің әскерден келуіне орай Павлодарға қайта оралды. Партияның қалалық комитеті оны су жолшылар балабақшасына (№ 11 балабақшасы) меңгеруші қызметіне жіберді.  Онда ол зейнетке кетуге дейін жұмыс істеді. 2008 жылы қайтыс болды.

 

 

Макатаев Олжабе

image026

Павлодар облысының Баянауыл аудынының Щадринск кеңшарының № 2 ауылында  1916 жылы туған.1939 жылдың қараша айында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 270 атқыш полкінің 24-ші дивизиясының Ленинградтық әскери округінде қызмет атқарған. 1939-1940 ж. аралығында ақ-финдермен болған шайқастарға қатысты. «Маннергейм» желісінде болып,жеңіл жарақат алды. 1940 – 1941 ж.  «Ханго» түбегінің жағалау күзетінде болған. 1941 жылдың 22 маусым күнінде Ленинград майданына жіберген.  Ладожск көлінің, Волховск майданының ұрыстарына қатысқан.  1942 жылдың 5 қыркүйегінде қатты жарақат алып, далалық  дивизиялық әскери госпиталіне, содан кейін Свердловск қаласындағы №414 госпиталіне жатқызылып, үш операция жасалған. 2-ші топ мүгедегі.1943 жылы әскерден қайтты. 1944-1976 жылдары Майкаиндық қазақ мектебінде мұғалім болды.2002 жылы дүние салды.Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медалімен, Кеңес Одағының Маршалы Жуков Г. К. медалімен, «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «50 лет Вооруженных Сил СССР», «60 лет Вооруженных Сил СССР», «70 лет Вооруженных Сил СССР»,  «Ветеран труда», Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Н. А. мерейтойлық медальдарымен марапатталған

 

 

Малютин Иван Михайлович

image027

1921 жылы Павлодар облысы Успенка ауданында туған. 1938 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітіріп, Успенка ауданының Белоусовка ауылында жұмыс істеді. 1941 жылы әскерге кетті. Малютин И. М. Батайск қаласының авиациялық мектебінде оқыған. Оған сержант атағын және авиақаруландыру бойынша шебер-механик мамандығын берді. Өз сарбаздарының тобымен Отанға опасыздық етіп, жау қатарына қосылған генерал Власовтың екінші соққы әскері қоршалған Гремячево ауылының маңайындағы Мурмансктан 25 км. қашықтықтағы Кольск түбегінде негізделген бомбалайтын, жойғыш, шабуылшы полктерінде соғысқан.  Малютин И. М. Ленинград астындағы ұрыстарға қатысты. Шығыс Пруссияда қызмет атқарған. 1947 4жылы әскерден қайтты.Соғыстан кейін Лебяжье ауданының КОПК XXIII съездінің ат. кеңшарда тұрып жұмыс істеді.«За оборону Ленинграда» медалімен марапатталған.

 

 

Мамынбеков Каирбек

image028

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.1939 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1942 жылы әскери-саяси мектепті бітіріп, майданға жіберілген. Ленинградтың іргесі мен дәл өзіндегі ұрыстарға қатысқан. Үш рет жарақатталған. 1943 жылы жарақат алғаннан соң Баянауылға үйіне қайта оралған.Соғыстан кейін МҚМ органдарына шақырылған. 1950 жылы ҚАЗ МУ сырттай оқып бітірген. Толығымен алғанда ІІД-МҚМ органдарында 39 жыл жұмыс атқарған (әскерге қызметті қоса алғанда – 43 жыл). Баянауыл ауданының ІІБ төлқұжат үстелінің басшысы болып жұмыс істеді. КСРО ІІМ Лайықты қызметкері, милиция полковнигі.Отан соғысының 1-ші дәрежелі, Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордендерімен, «За боевые заслуги», «За отвагу» медальдарымен марапатталған

 

 

Милейко Иван Прокофьевич

image029

Павлодар облысының Шербақты ауданының Татьяновка кентінде 1917 жылы 9 ақпан күні туған.1939 жылдың қыркүйек айында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Грозный әскери-жаяу әскер училищесіне жіберілген. Кейінгі қызметті өту үшін Одессалық әскери округтың ІІХК ерекше бөлімінің қарауына жіберілді. 1941 жылдың маусым айында Тарутино қаласындағы танк дивизиясына ерекше бөлімнің оперативтік уәкілі ретінде жіберілді. Дивизия Винницк облысындағы, Киев облысының Бердичев қаласындағы, Кировоградск облысындағы әскери әрекеттерге қатысты. 26-шы атқыш дивизиясының құрамында Кавказ жоталарындағы Ворошилов облысының Краснодон қаласындағы қорғаныс ұрыстарына қатысты. Горячий Ключ тауы маңындағы Лысая тауын қорғау ұрыстарында қатты жарақат алып, мүгедек болды.Майданна Ұлы Отан соғысының мүгедегі болып қайтып оралды. Облыс мектептерінде 32 жыл қызмет атқарды, соның 30 жыл директор ретінде. 1957 жылы Семей педагогикалық институтын сырттай оқып бітірді. 1972 жылы зейнетке шығады, бірақ та Азаматтық қорғаныс жүйесінде жұмыс істеуді тастамайды.«За отвагу», «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945»,  «За оборону Кавказа» медальдарымен, «20 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны», «60 лет Вооруженных Сил СССР»,  «За освоение целины» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

Муткенов Серикбай

image030

Ертіс болысының (қазіргі Мүткен ауыл округі) №16 ауылында дүниеге келген. 1926 жылы сауатқа оқу үшін өз күшімен №2 ауылға (қазіргі Естай атындағы ауыл) келген. 1932 жылы Серікбай педагогикалық техникумды бітіріп, мұғалім ретінде қызмет етуді бастайды.1942 жылдың қаңтар айында Серікбай Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 136-шы атқыш дивизиясының 345 атқыш полкінің батарея зеңбірегінің командирі болып, Украина территориясындағы фашисттік басқыншыларға қарсы ұрыстарға қатысып, ержүректілікті, батырлықты және шыдамдылықты көрсетті. 1943 жылдың қазан айында 1-ші Украиналық майданның әскерлері, соның ішінде 136-шы атқыш дивизиясы Днепрді тездетіп өтті. С. Мүткенов өз есебімен жау танктерін тура көздеумен атқылап, өзінің батальонына қойылған тапсырманың орындалуын қамтамасыз етті. . Мүткенов 1944 жылы 1 қаңтар күні Украинадағы Черкасск облысы Звенигородск ауданының Рызино ауылына азат ату барысында қаза тапты.Батыр Черкасск облысы Звенигородск ауданының Рызино ауылында жерленген. Оның атымен туған ауылының орта мектебі мен Рызино ауылындағы көше аталған. Сонда С.Мүткеновке ескерткіштер қойылған, Павлодардағы Батырлар саяжолында — оның барельефі бар.

 

Насонов Иван Петрович

image031

Павлодар облысының Шербақты ауданында 1920 жылы дүниеге келген.Педагогикалық училищені 1938 жылы бітірген.1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Басында Украинада қызмет атқарып, содан кейін Арменияда болғанда соғыс басталып кетті. Кутузов орденімен марапатталған Бас басқару резервінің 153-ші әскери артбригадасының барлау взводында қымет еткен. Иван Петрович ұрысқа алғашқы рет немістер Грозный мен Бакуға шабуылдаған Солтүстік Кавказда қатысты. Әр тізбек үшін кескілесіп ұрысқан Кубаньдағы шайқастарда болды. Новороссийскке шабуылдауға, Керчь, Днестр аудандарына десанттарды түсіруге қатысты. 1-ші Украиналық майдан құрамында Львовтан Польшаға дейінгі жолды өтті, Одер өзенін тездетіп өтті, Бреславль қаласына шабуылдауға қатысты.  Соғыс біткеннен соң бригадамен Чехословакияда, Австрияда болды. 1945 ж. күзінде әскерден қайтты.1945 жылы әскерден қайтып Шербақты ауданына қайтып келді.. Тарих мұғалімі, районо инспекторы болып жұмыс атқарды. 1962 жылы КСПК ОК Жоғары партиялық мектебін бітірді. Ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлеу бойынща техникумды ұйымдастыруға қатысты. Оқу жұмысы бойынша меңгеруші, содан кейін тарих мұғалімі болды.Қызыл Жұлдыз орденімен, «За боевые заслуги», «За оборону Кавказа», «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен, «20 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945»,  «За освоение целины», «10 лет целины» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

 Нуркин Кабдуш Темирбаевич

image032

Шербақты ауданының Үшқамыс ауылында 1923 жылы 10 шілде күні туған. 1941 жылғы Педагогикалық техникумның түлегі. 1940 жылдың қыркүйек айынан бастап 1941 жылдың наурыз айына дейін Лебяжье ауданындағы Корт ауылындағы 7 жылдық мектепте мұғалім, сосын оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1942 жылдың 15 наурыз күнінде аудандық әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып, Алма-Атылық әскери училищеге жіберілді. 1942 ж. тамызда Чкалов (Орынбор) облысындағы Урал көлінде құрылған 333 атқыш дивизиясының қарауына жіберілді. 1942 ж. қарашасының басында дивизия Дон майданының басшылығына жіберілді. 19 қараша күні 65 әскер құрамындағы дивизия Сталинградқа азат ету ұрысыныа кірді («Кольцо» операциясы). Сол кезде әскер атақты № 227 «Ни шагу назад!» бұйрығын қабылдады. Бұл ұрыста Кабдеш Темирбаевич жарақатанып, алғашқы марапатын алды.Сталинградтан кейін кіші лейтенанттар курсына жіберілді. Атақты алып 113 атқыш дивизиясының қарауына жіберрілді. Харьковты азат етуге қатысып, Полтава астында аяғын қатты жарақаттап алған. Златоустов госпиталінен   шығып Свердловсктағы курстарда оқыды. Могилевтік 330 атқыш Қызыл ту дивизиясының құрамынжа Могилевқа азат етті.Дон, Оңтүстік-Батыс, Далалық, 2-ші Белоруссиялық майдандардың құрамында соғыс жолдарын ұрыстармен өтті. Украинаға, Белоруссияға, Польшаға, Германияға азат етті. Соңғы ұрысты Берлин қаласының іргесінде Помераньеде өткізіп, өте қиын операцияға басшылық етіп, қатты жарақат алды. Қайтадан госпиталь. Госпитальде Жеңіс туралы естіді.1946 жылы үйге қайта оралды. 40 жылдан астам партиялық және кеңес органдарында жауапты лауазымдарда қызмет етті. 26 жыл бойы Куйбышев ауданы Кеңесінің қалалық кеңесінің халық депутаттарының облыстық Кеңесінің депутаты болды.  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына арналған Астана қаласында болған әскери шеруге қатысты.  2009 жылы Кабдеш Темирбаевич біріншілер қатарында болып Павлодар облысының Құрметті азаматы атағын алды. 2014 жылдың 10 қараша күнінде дүние салды.Қызыл Жұлдыздың екі орденімен, Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен, Александр Невскийдің орденімен, «За боевые заслуги» медалімен, «Знак Почета» екі орденімен, «Құрмет» орденімен, «За трудовую доблесть», «Шапағат», «Целине 50 лет» медальдарымен, Қаз.СРО Жоғарғы Кеңес Президиумының үш құрметті Мақтау қағаздарымен, Қаз.СРО Жоғарғы Кеңес Президиумының үш Мақтау қағаздарымен, «Ветераны Вооруженных сил»  АОБ-сі бекіткен «Генерал армии Нурмагамбетов С.К.» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Прокошкин Алексей Иванович

image033

Павлодар облысында 1921 жылы туған. Педагогикалық техникумды 1938жылы бітірген.Екінші Беларусь майданында соғысты. Солтүстік Кавказдағы, Кубаньдағы, Крымдағы ұрыстарға қатысты. Радиотелеграфшы болып қызмет еткен Севастополь қаласын 1944 жылы шабуылдауға қатысты. Могилев, Минск, Бобруйск, Барановичи, Белосток қалаларына азат ете отырып,  Данц қаласына дейін жеткен. 1944 жылы Горький қаласының әскери-саяси училищесіне жіберілді.Әскерден қайтарылғанннан кейін түзету-еңбек ету резервіндегі саяси-тәрбиелеу жұмысы бойынша ІІБ-да бөлімнің аға нұсқаушысы болып жұмыс істеді.Қызыл Жұлдыздың екі орденімен, «За отвагу», «За оборону Кавказа», «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен, «20 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Советской Армии и Флота», «50 лет Вооруженных Сил СССР» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

  Рахимбердинов Кастай Рахимбердинович.

image034

Павлодар облысында 1923 жылы 22 тамыз күні туған.Рахимбердинов Казтай Рахимбердинович Павлодар педагогикалық училищесінің 3-ші курсынан майданға аттанды. Мәскеу астындағы ұрысқа қатысты. Ржев астында соғысып, Украинаға, Белоруссияға, Латвияға, Австрияға азат етуге белсенді қатысты. Соғыстың соңғы дүркінін Лансберг қаласында естіді; 1945 жылы 2 мамыр күні Берлинде болды.1949 жылы Павлодар педагогикалық училищесін сырттай оқып бітірді.  Елуінші жылдары Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтын және Алма-Атылық жоғары партиялық мектепті аяқтады. Партиялық органдарда көп жылдар бойын еңбек етті.  Павлодар педагогикалық институтының КОПК тарих кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет етті.Отан соғысының 1-ші дәрежелі екі орденімен, «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медалімен, «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945», «40 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

Сарбасов Коныр Жуматаевич 

image042

В.Воровской атындағы педагогикалық техникумының 1940 жылғы түлегі. 1940 жылдың қазан айында әскерке шақырылған. Соғыс басталған кезде зенит дивизиясында бірінші мотоатқыш бригадасында қызмет етті. 1942 жылдың сәуірінен бастап Ленинградтағы ӘҚҚ-ң екінші корпусының құрамында 189-шы зениттік артиллериялық полкте соғысты. Жеңісті аға лейтенант атағында Финляндияға бара жатқанда қарсы алды. 1950 жылы партияның Павлодар қалалық комитетінің марксизм-ленинизм Кешкі университетін аяқтады. 1946 ж. наурызынан бастап 1958 жылдың қазанына дейін қалалық комитет, облыстық комитет пен ПКК-ң аудандық комитет аппараттарында партиялық жұмыста болды. 1957 ж. тамызынан 1958 жылдың қазанына дейін Ертіс ауданының Октябрьлық жеті жылдық мектебінің директоры болып, 1958 ж. қазанынан 1961 ж. шілдесіне дейін Суворов бидай-кеңшары парткомының хатшысы болып жұмыс істеді. 1961 ж. шілдесінен 1962 ж. тамызына дейін Шербақты ауданының «Боровой» кеңшары парткомы хатшысы, 1962 ж. тамызынан 1963 ж. шілдесіне дейін – Қазан кеңшарының басқарушысы. 1963 ж.шілдесінен Ермак ауданының Еңбектік сегіз жылдық мектебінің директоры болып, ал кейін Грязновка ауылында мектеп директоры болып қызмет етті. 1968 жылдың 20 тамызында қайтыс болды. Келесі медальдармен марапатталған: «За оборону Ленинграда», «За оборону советского Заполярья», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».

 

Щербинко Василий Иванович

image041

Павлодар облысының Успенка ауданының Вознесенка ауылында 1924 жылы 22 қаңтар күні туған. 1941 жылғы педагогикалық училище түлегі. Мұғалім болып жұмыс істеуді бастап, Ташкент қаласындағы 3-ші радиотелеграфтық мектептегі курстық дайындықты өткеннен кейін, 1941 жылы өз еркімен Қызыл Әскерге кетті. 1942 жылы Шығыс майданының қарауына РГК 449 артполкіне жіберілді. 1942 ж.сәуірінде КАП артиллериялық батареясының радиоқабылдау бөлімшесінің командирі ретінде Батыс майданының 50-ші әскері құрамында Мәскеу іргесіндегі ұрыстарға қатысты. Сол уақытта дивизияның комсомол ұйымдастырушысы болып тағайындалып, батарея замполитінің міндетін атқарды. Батыс майданының құрамында Орлов-Курск доғасындағы, содан соң Смоленск астындағы ұрыстарға қатысты. Белоруссиялық майдан құрамында Белоруссияға азат етіп, Василий Иванович соғысты Балтық жағасында аяқтады. Әскерден қайтқаннан кейін Павлодар қ. қайтып келді. 1946 ж. ақпанынан бастап партияның Павлодардағы облыстық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет еті. Сол уақытта С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Халыққа білім берудің Павлодардық қалалық бөлімінің меңгерушісі болып, ал 1954 жылдан бастап - Халыққа білім берудің Павлодардық облыстық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1964 жылы партияның Павлодарлық облыстық комитетінің ғылым мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болып бекітілген. Сол жерден 1985 жылы зейнетке шықты. 2009 жылы дүние салды.Отан соғысының 2-ші дәрежелі, Қызыл Жұлдыздың, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «За отвагу»,  «За трудовую доблесть», «10-летие Независимости Казахстана» медальдарымен марапатталған.

  

Щербинко Александр Иванович

image040

Павлодар облысының Успенка ауданында 1916 жылы дүниеге келген. 1940 – 1941 ж. Павлодар педагогикалық училищесінің директоры болды. 1941 ж. күзінде Александр Иванович педучилище бойыша барлық жұмыстарды аяқтады. Оқушылардың мерзімнен бұрын бітіруін өткізді -190 адам, олардың көбі майданға аттанды. Содан соң, партия облыстық комитетіне өзін майданға жіберуді сұрады. Мәскеуді қорғауға, Старая Русса астындағы қорғау ұрыстарына қатысты.  4-ші Гвардиялық атқыш бригадасының құрамында Кавказға азат ету бойынша ұрыстарға қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін қайтадан Павлодар педагогикалық училищесінде тарих мұғалімі ретінде қызмет атқарды. «За  боевые заслуги»,  «За Победу  над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен, «30 лет Победы  в  Великой Отечественной войне 1941-1945» мерейтойлық медалімен,  «За трудовое отличие» медалімен марапатталға.

  

Сизых Яков Харитонович 

image036

Павлодар облысының Шербақты ауданының Александровка а. 1920 жылы қыркүйекте туған.Педагогикалық училищенің 1939 жылы бітірген.Сизых Я. Х. кіші командирлер курсын аяқтап, солтүстікке, Мурманск қаласына кетіп, сонда барлық соғысты өткізді дерлік. Офицерлер курсын бітірді. Стратегиялық мәні болған Мурманск үшін кескілескен ұрысқа қатысты. Бұғы-шаңғы бригадасында қызмет атқарды. Бұл бригада терең барлау жүргізді. Яков Харитонович қызмет еткен корпус Норвегиядағы фашисттер корпусына қарсы соғысып толығымен талқандады. Норвегияның жаңа үкіметі кеңес әскерлерінің кейінгі жылжуына қарсы болды. 1945 жылдың басында бұл бөлімді Польшаға жіберді, және олар 4-ші Украиналық майданның құрамында «Висла – Одер» операциясына қатысты. Яков Харитонович ауыр жарақат алып, госпитальдарда бірнеше ай бойы жатты. 1945 жылдың желтоқсанында әскерден қайтты.1952 жылы Семей пединститутын бітірді. Партияның Павлодар қалалық бөлімінде насихаттау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.Денсаулықтың нашарлауына байланысты мектептегі жұмысқа сұрады. 1962 жылдан № 1 кешкі мектептің директоры болып жұмыс істеді.Қызыл Жұлдыз және Әскери Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

  

Сураганов Кудайберген Магзумович 

image037

Павлодар облысының Качир ауданының Слуагач ауылының кедей шаруа жанұясында 1921 жылы 25 мамыр күні дүниеге келді. 1937-1940 жылдары педагогикалық училищеде оқыды.Қызыл Әскер қатарына 1940 жылы күзде шақырылған. Артилерриялық училищені 1942 жылы аяқтағаннан бері майданда болды. Сталинград шайқасына қатысып қатты жарақатталған. 142-ші әскери артиллериялық бригаданың 8-ші батареясын басқаратын взводтың командирі аға лейтенант К.М. Суроганов Белоруссияны, Польшаны шайқасып өтіп, фашисттік Германия жеріне кірді. Одер-Шпрее өзендерінің аудандарындағы соңғы операцияларда көзге түскен. Одердің сол жағалауындағы қарсыластың қатты бекітілген позицияларын жою бойынша сәтті әрекеттер жасаған үшін Сұрағанов Қ.М. 1946 жылы 15 мамыр күні Кеңес Одағы Батыры атағы берілген.1947 жылы әскерден қайтып, сол жылы Абай атындағы Алма-Аты қазақ педагогикалық институтындағы физика-математика факультетіне түсіп, оны 1951 жылы бітірді. 1947 ж. қазанынан 1954 ж. наурызына дейін Киров атындағы КазМУ-нің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының аспиранты, 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін кафедраның аға зертханашысы. 1955 ж. бастап Казақ әйелдер педагогикалық институтында элементарлық математика кафедрасының ассистенті, аға оқытушы болып, 1982 жылдан бастап – геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценты.Кеңес Одағы Батыры Жұлдызымен (1946 жылғы 15 мамырдан КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының жарлығы), Отан соғысының 1-ші дәрежелік және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

 

Табунщиков Степан Сергеевич

image038

Павлодар қаласында туған. Педагогикалық техникумды 1937 жылы бітірген.1939 жылы Табунщиков С. С. Қызыл Әскер қатарына шақырылған.Карел – финн соғысы, кейін Үлы Отан соғысы басталды.Карель қылтасында, Ұлы Отан Соғысы кезінде Бірінші Украиналық майданда соғысқан. Жеңіс күнін Австриядағы Грац қаласында қарсы алды.Соғыстан кейін Табунщиков Степан Сергеевич «Октябрь» зауытында шебер болып еңбектенді. Коммунисттік ерен еңбек екпіндісі болды, «За трудовую доблесть» медалімен және мақтау қағаздарымен марапатталған.Қызыл Жұлдыз орденімен, «За отвагу», «За трудовую доблесть» медалімен және мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Хасенов Каир

image039

Павлодар облысының Максим-Горький ауданының Жасқайрат ауылында 1925 ж. 9 қараша күні туған.1943 ж. қаңтарында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1-ші Украиналық майдандағы, Забайкальск майданындағы әскери әрекеттерге қатысты. Жапония қарсы соғысқа қатысты. Жарақат алып, Саратов және Чита қалаларындағы госпитальдерде жатты. 1946 ж. маусымында әскерден қайтты.1947 жылы Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. 1959 жылы- Алма-аты жоғары партиялық мектебін. Октябрь орта мектебінде мұғалім, партияның Максим – Горький аудандық комитетіндегі нұсқаушы, партияның Павлодарлық облыс комитетіндегі нұсқаушы, партияның Баянауыл ауданы комитетінің бөлім меңгерушісі, Баянауыл аудандық орындау комитетінің төрағасының орынбасары, Баянауыл аудандық тұтыну одағының төрағасы болып жұмыс істеді. Облыстық маңыздағы Дербес зейнеткер, 2-ші топ мүгедегі, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.Отан соғысының 1-ші дәрежелі орденімен, «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945», «За Победу над Японией» медальдарымен, «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерейтойлық медальдарымен, «Знак Почета» орденімен.

 

Рысмагамбетов Жарылгасын

image035

Павлодар облысының Баянауыл ауданының №1 ауылында 1917 жылы туған.Педагогикалық техникумның 1939 жылғы түлегі.1941 ж. 1 қыркүйек күні Төрт-Құдық мектебінің директоры болып тағайындалып, содан соң 1942 жылдың 15 наурызында Баянауыл аудандық әскери комиссариатымен Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. Үш ай бойы 550-ші атқыш полкінің құрамында фашисттерді талқандап, содан кейін 8-ші жеке атқыш бригадасына жіберілген. 1942 жылы маусымда әскери антты берді. Сол жылы КОКП қатарына енді. 1942 ж. желтоқсанынан 1945 ж. қарашасына дейін 178 атқыш полкінің құрамында соғысты. Мерген Рысмагамбетов Ж. жапон империалисттеріне қарсы ұрысқа қатысты.Соғыстан соң Төрт-Құдық мектебіне қайтып келіп, зейнетке дейін отыз жылдан астам мұғалім, білім ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет етті.Отан соғысының 1-ші дәрежелі, Еңбек Қызыл Туының ордендерімен, медалями «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945», «За Победу над Японией» медальдаырмен марапатталды.

 

Сондай-ақ оқыңыз