2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.
Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22 тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз, әрі қарай кәсіби қызметтік бағытындағы белсенді позициясы мен өмірлік ұстанымдарын сақтап қалуын тілейміз.