Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    183
  • Кеше
    215

Жаңалықтар мұрағаты

Оқу -әдістемелік жұмыс

Оқу - әдістемелік жұмыс педагогикалық ұжымды инновациялық үдерістерге дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін колледждің даму көрсеткішінің негізгі факторы болып табылады.

Әдістемелік тақырып: «Бiлiм беру үдерiciнiң сапасын арттыру жолы - бiлiм алушы мен педагогтың тулға ретiнде жузеге асуы».

Колледж миссиясы – еңбек нарығының талабын ескере отырып білім беру мен кәсіптік құзырет сапасын жақсарту мақтасында инновациялық технологиялар арқылы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандыр дайындау.

Колледждің оқу әдістемелік жұмысының мақсаты- ти тимді даму үшін жағдай жасау, білім беру үдерісінің сапасын, заманауи білім беру технологияларын қолданудың тиімділігін  қамтамасыз ету. Техника мен технологияның заманауилығына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту, заманауи экономикаға талаптарына, жеке тұлға сұрасынысына   сәйкес білім беру сапасының жақсаруы, түлектерді дайындауда аймақ талаптарын ескеруі колледждің әдістемелік стратегиялық міндеттері болып  қала бермек.

Колледж ұжымының педагогикалық бейнесі-тұрақтылық пен шығармашылық әлеуеті. Педагогтардың негізгі оқу- әдістемелік жұмыс бағыты -    оқу- тәрбие үдерісіне модульдік-құзыреттілік сипатта қарау.

 

Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары

бағыты

ету түрі

қызметі

басқару

бақылау-бағалау

ұйымдастырушылық, бақылау, үйлестірушілік, түзетушілік

технологиялық

аналитикалық

диагностикалық, мотивация-оятушылық

педагогикалық

ұйымдастырушылық-әдістемелік

коммуникативтік, оқытушылық, бейімделушілік

ғылыми

инновациялық

жетілдіру, психологиялық, кеңес берушілік

 

Колледжде  нормативті және нұсқаулық материалдарды, әдістемелік ұсыныстарды, педагогикалық әдебиеттер мен мерзімдік баспасөзді жүйелеп шоғырландыратын, әдістемелік жұмыстың орталығы  болып отырған  өзіндік әдістемелік қызмет моделі құрылып, жұмыс жасайды. Колледждің әдістемелік жұмысы бір жылға құрастырылған жоспар бойынша жұмыс жүргізеді. Әдістемелік жұмыстың өзіндік жүйесі қалыптасқан: ұжымдық және жеке жұмыстың ай сайынғы графигі құрастырылған,  «Тағылым» тәлімгер мектебінің отырыстары өтеді, жоспар бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, аттестациядан өту кезінде оқытушылардың әдістемелік шеберлігіне болжау мен мониторинг жүргізіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз