Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    160
  • Кеше
    383

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Қазіргі заманғы жағдайдағы колледж трансформациясы: негізгі стратегиялық бағыттар»

3038

2022 жылдың 15 қарашасында педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді өзара әрекеттесу мақсатында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жұмыс берушілер күні өткізілді, оның аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде мүдделі тараптармен кездесу және білім беру ұйымдарының базаларына баруды ұйымдастыру.
Облыстық білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, облыстық білім басқармалары, жұмыс берушілер, мектеп бітіруші түлектерінің қатысуымен «Қазіргі заманғы жағдайдағы колледж трансформациясы: негізгі стратегиялық бағыттар» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.

Қатысушылар сұранысқа ие мамандарды даярлаудың маңызды шарттарының бірі ретінде білім беру бағдарламаларын дамыту перспективаларын және колледж мен балабақша/мектептің өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Модератор Павлодар облысы бойынша білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Аушахманова Бакытгуль Толегеновна болды.

Диалогқа қатысқан шақырылған мүдделі тараптардың ішінде: Жукова О.В., «Smartkid» жеке балабақшасының әдіскері; Илющенко Л.С., колледждің 2020 жылғы түлегі, «World Skills Kazakhstan - 2021» Республикалық чемпионатының жүлдегері, Павлодар қаласындағы №4 сәбилер бақшасының әдіскері.

Колледж басшысының орынбасары А.А. Смаилканова колледждің жұмыс берушілермен серіктестігі, мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтты. Бірлескен жұмыс және колледж түлектерінің желілік қоғамдастығын ұйымдастыру туралы меморандумдардың қорытындысы талқыланды, оны колледж оқытушысы Ж.Е.Атыгаева қоғамдастықтың жоспарына кеңінен тоқталды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен бастауыш сыныптың сабақтастығы туралы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі С.Б.Жанғазинова сөз сөйледі.

Колледж басшысы М.Қ. Шабамбаева өз сөзінде студенттердің білім сапасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауда жұмыс берушілердің шешуші орнын атап өтті.

Жиын соңында үздік жұмыс берушілерге алғыс хаттар табыс етілді.
Диалог алаңы барлық қатысушыларға қазіргі заманғы мектепке дейінгі және бастауыш білім беруге қатысты талқыланатын мәселе бойынша өз көзқарасын білдіруге, болашақ мұғалімге қажетті құзыреттер мен дағдыларды дамыту траекториясын құруға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар

  • “Final Vibes”
    12 Маусым 2025 ж. 3911

    Бүгін Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің жатақханасында оқу жылының аяқталуына орай керемет кеш өтті. “Final Vibes” атты бұл концерт жылы естеліктер мен жарқын эмоцияларға толы болды.Шара барысында жыл бойы белсенділік танытқан студенттер арнайы марапатталып, көрермендерге шынайы қуаныш пен шабыт сыйлады....

  • 1 мамыр – Бірлік күні
    01 Мамыр 2025 ж. 3786

    1 мамыр – Бірлік күні 1 мамыр 2025 жылы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Студенттер әр ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би биледі. Түрлі ұлт өкілдерінің достығын...

  • "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті"
    30 Сәуір 2025 ж. 2470

    "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті" жеңімпаздары марапатталды! 2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті" республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Павлодар облысынан 8 студент жеңімпаз атанды, оның ішінде студент Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық...

  • «Приключение Шляпника по сказкам»
    28 Сәуір 2025 ж. 2263

    28 апреля студенты группы РиЛ-21 провели яркое мероприятие «Приключение Шляпника по сказкам» для воспитанников школы-интернате №4. Роли ведущих исполнили герои известных сказок — Кот Базилио, Лиса Алиса, Шляпник, Кощей Бессмертный и другие. Программа включала весёлое приветствие, сценку по стихотворению С....