Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    83
  • Кеше
    520

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері арасында тәжірибе алмасу

2743

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының бірлескен жұмыс жоспары негізінде мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері арасында тәжірибе алмасу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында «Заманауи мектеп жағдайында бастауыш білім беру мазмұнын іске асыру» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

Іс-шара білім алушылармен жұмыс істеудің табысты тәжірибелері мен әдістерін талқылауға мүмкіндік берді. Бағдарламаға №25 ЖОББМ мұғалімдері Темірбекова С. М., Есен Б. Р. («Бастауыш білім берудегі жасанды интеллект»), Жомартова Д. Х., Шаханова Д. Ж. («Жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдану»), №39 гимназия сыныптары бар ЖОББМ ұстаздары Сыздыкова Ж. Е., Жакенова Г. А. («Оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер»), Рахбаева С. Р. («Логикалық ойлауды дамыту: стандартқа негізделмеген тапсырмаларды шешу»), Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ ұстаздары Бердыгожаева Ж. А. («Онлайн платформалармен жұмыс»), Латыпова Н. К. («Синема технология арқылы сөйлеу дағдысын дамыту»), Акатаева А. Д., Еркін Б. С. («Мәтінмен жұмыс жасауда 4К моделін қолдану») және колледж оқытушылары Зикрина А. С., Мешитбаева Г. А. («Padlet платформасын қолдану») қатысты.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар бастауыш білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдарын, оның даму мүмкіндіктерін талқылап, осы бағытта жаңа идеялар, инновациялық жобалар және зерттеулермен танысты. Сондай-ақ, қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасады.

Соңғы жаңалықтар

  • “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”
    18 Сәуір 2025 ж. 2755

    “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті! Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар. Зекенова Диана ТөлеубекқызыБ.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша...

  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    17 Ақпан 2025 ж. 2730

    17 ақпанында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заңсыз сыйақы мен коммерциялық пара алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.