2022 жылы 8 қараша күні Павлодар облысының білім басқармасының бастамасымен Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында облыс ТжКБ ұйымдарының кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е.А. Смирнова мен "Торайғыров университеті" КЕАҚ Beisembayev library кітапханасының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі маманы Б.С.Альжанованың қатысуымен "Болашақ – білімді жастардың қолында" атты облыс кітапханашылары үшін дөңгелек үстел өтті.
Кездесу аясында облыс ТжКБ ұйымдарының кітапхана қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесімен таныстырылды.
"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж кітапхана меңгерушісі Ж.Е. Бекжигитова және кітапханашы Э.С.Түйтебаева бөлісті.
Дөңгелек үстел қатысушылар білім құзіреттілігін арттырудың инновациялық әдістерін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін және оқу сауаттылығын тәжірибесі мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы пікір алмасты.