Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    96
  • Кеше
    460

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Kundelik.kz» және «BilimLand» сайттарын пайдалану бойынша оқыту семинары

2433

2022 жылдың 26 қазанында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен облыстық білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы бірлесіп соңғы курс студенттерін болашақта жұмыс істеуге дайындау мақсатында «Kundelik.kz» және «BilimLand» сайттарын пайдалану бойынша оқыту семинарын өткізді.

Ақпараттық-талдау бөлімінің әдіскері Нургалиева Ә.О. мектеп туралы барлық ақпарат жинақталған Kundelik.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне шолу жасады. Неліктен бұл платформа қарапайым мектеп күнделігі мен мұғалім журналының цифрлық аналогы болып саналатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мұғалім, оқушы және отбасы үшін қосымша мүмкіндіктерін атап өтті.

Әдістемелік бөлімнің әдіскері Аккасканова А.Д. синхронды және асинхронды форматта сабақтарды өткізу мүмкіндігі туралы айтып, BilimLand платформасымен таныстырды. Портал синхронды режимде бейнеконференция қызметін ұсынады. Мектеп пәндері бойынша оқу материалдарының үлкен жинағы бар және қолжетімді екені айтылды.

Орталықтың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Акишпаева А.Т. мектеп пәндері бойынша интерактивті сабақтарға, виртуалды зертханаға және itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz сияқты қосымша ресурстарға кеңінен тоқталды. Біліктілікті арттыру курстары мен сыйлық қоры мол кәсіби жарыстар жайлы ақпарат берді.

Болашақ мұғалімдер «Kundelik.kz» және «BilimLand»» платформаларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар алды, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды, сонымен бірге кәсіби жолды бастар алдында орталықтан қолдауға ие болды.

Соңғы жаңалықтар

  • “Final Vibes”
    12 Маусым 2025 ж. 3775

    Бүгін Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің жатақханасында оқу жылының аяқталуына орай керемет кеш өтті. “Final Vibes” атты бұл концерт жылы естеліктер мен жарқын эмоцияларға толы болды.Шара барысында жыл бойы белсенділік танытқан студенттер арнайы марапатталып, көрермендерге шынайы қуаныш пен шабыт сыйлады....

  • 1 мамыр – Бірлік күні
    01 Мамыр 2025 ж. 3725

    1 мамыр – Бірлік күні 1 мамыр 2025 жылы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Студенттер әр ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би биледі. Түрлі ұлт өкілдерінің достығын...

  • "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті"
    30 Сәуір 2025 ж. 2334

    "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті" жеңімпаздары марапатталды! 2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында "Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік ТОП-100 студенті" республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Павлодар облысынан 8 студент жеңімпаз атанды, оның ішінде студент Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық...

  • «Приключение Шляпника по сказкам»
    28 Сәуір 2025 ж. 2206

    28 апреля студенты группы РиЛ-21 провели яркое мероприятие «Приключение Шляпника по сказкам» для воспитанников школы-интернате №4. Роли ведущих исполнили герои известных сказок — Кот Базилио, Лиса Алиса, Шляпник, Кощей Бессмертный и другие. Программа включала весёлое приветствие, сценку по стихотворению С....