Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    256
  • Кеше
    314

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

"Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ" атты Абай оқулары байқауы

2299

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында 2022 жылдың 20 мамыр күні "Колос" балалар мәдениет ойын-сауық орталығында "Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ" атты Абай оқулары байқауын өткізді.

Байқауға 18-23 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатысты. Қатысушылар А.Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқып, қарасөздерін мәнерлеп оқыды, Абайдың әндерін орындап, орыс тіліне аударылған өлеңдерін орыс тілінде жатқа айтты.

Байқауға колледждің атынан НО-42 тобының студенті Тимошенко Виктория қатысып, алғыс хатына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1860

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2209

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2206

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...

  • «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы
    29 Наурыз 2024 ж. 1816

    2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді. Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты. Форум аясында 9 әдістемелік...

  • «Көркем аруы» байқауы
    15 Наурыз 2024 ж. 1163

    2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.  Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22  тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз,...

  • Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты
    01 Наурыз 2024 ж. 1853

    2024 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қарағанды ​​қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты өтті. Бұл Чемпионатқа БББ-21 тобының студенті Сарсенбаева Малика қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз және Абу-Дабиде өтетін Әлем Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!