Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    160
  • Кеше
    333

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«X Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» ғылыми-практикалық қашықтық конференциясы

1876

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттерін оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату мақсатында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында 2024 жылғы 26 сәуір күні «XІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» ғылыми-практикалық қашықтық конференциясы өтті.

 

Конференцияға мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, интернаттық мекемелер мен жатақханалардың тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

 

Конференция алты бағыт бойынша педагогикалық оқулар форматында өткізілді. Секциялар жұмысы тәрбие мен білім беру саласындағы практикалық және инновациялық тәжірибемен алмасу алаңына айналды.

Конференцияға қазылар алқа мүшелері ретінде Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері, Өрлеу тренерлері, Педагогикалық шеберлік орталығы, Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскерлері, сондай-ақ колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.

 

Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады. Конфернцияның барлық қатысушылары Сертификат алды, әр секция жеңімпаздары Дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!»
    30 Сәуір 2024 ж. 1715

    Қазақстан халықының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жатақханасында студенттер «Қазақстанның тілегі – бейбітшілік!» атты іс-шараны өткізді. Іс-шараның мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтарға, қазақстандық қоғамның өмір сүру дәстүрлеріне сәйкес келетін жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерінің құндылық негіздерін...

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1880

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2231

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2247

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...