Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    109
  • Кеше
    189

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Саналы Ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті

2301

22.12.2023 жылы Павлодар облысы білім басқармасы және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен, ТжКБ жүйесінде оқитын студенттерді «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» кешені ММ колледжінің алаңына жинап, «Саналы Ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слетін ұйымдастырды. Слеттің мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды насихаттау, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сондай-ақ қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне жастардың назарын аудару. Слетке Павлодар облысы бойынша 14 колледждің «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенділері мен жетекшілері жиналды.  Колледжіміздің «Саналы Ұрпақ» студенттік клубынан команда  құрылып, толық құрамда қатысты. Әр команда 2022-2023 оқу жылы бойынша «Саналы Ұрпақ» клубының өткізген іс-шаралар есебімен таныстырып,  ар, намыс, абырой, жауапкершілік және әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған клубтың жұмысы туралы театрландырылған қойылым көрсетті. Конкурстың нәтижесі бойынша  колледжіміздің командасы 2 орын иегері атанды және арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1864

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2212

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2212

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...

  • «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы
    29 Наурыз 2024 ж. 1818

    2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді. Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты. Форум аясында 9 әдістемелік...

  • «Көркем аруы» байқауы
    15 Наурыз 2024 ж. 1164

    2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.  Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22  тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз,...

  • Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты
    01 Наурыз 2024 ж. 1855

    2024 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қарағанды ​​қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты өтті. Бұл Чемпионатқа БББ-21 тобының студенті Сарсенбаева Малика қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз және Абу-Дабиде өтетін Әлем Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!