Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    223
  • Кеше
    464

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Мектепке дейінгі ұйымда интерактивті құмсалғышпен жұмыс формалары» атты шеберлік сағаты

3012

2023 жылдың 14 ақпанында Б колледжі базасында Павлодар облысының білім беру дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне және колледж студенттеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда интерактивті құмсалғышпен жұмыс формалары» тақырыбында шебер-сағат өтті.
Шебер-сағат мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста интербелсенді оқыту әдіс -тәсілдерін тиімді қолдану мақсатында ұйымдастырылды. № 8 сәбилер бақшасының логопеді Г.И.Мустапинова мектеп жасына дейінгі балалардың тілін жетілдіру мен ширатуда құм терапиясының алатын орнына тоқталды. Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы әдістемелер пәнінің оқытушысы Е.Т. Болатбаева құм терапиясының балалардың балабақшаға бейімделуін жеңілдетудегі рөлін көрсетті. № 44 сәбилер бақшасының тәрбиешілері М. Б. Дюсенова мен Ж.Н. Жумабекова мектепке дейінгі ұйымдарда құм технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдеріне, балалардың сенсорлық қабілеттерін дамытудағы ерекшеліктерін айтып өтсе, № 5 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Г. М. Казиева мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың танымдық, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуда, еске сақтау, зейіндерін жетілдіруде құм терапиясының маңызын өзінің жасаған «Құм кітапшасы» көрнекілігін қолданып, практикалық сабақ өткізді.
Семинардың шарықтау шегі мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері және студенттермен қатысуымен өткізілген «Қызықты құмсалғыш» интербелсенді құмсалғышпен өткізілген «Вулкан», «Қалашық», «Су асты әлемі» «Ғарыштар әлемі» ойындары болды, бұл ойындар семинарға қатысушылардың көңілінен шықты.
Семинарға қатысқан педагогтардың қызықты тәжірибелері үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деген үміттеміз.

Соңғы жаңалықтар

  • “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”
    18 Сәуір 2025 ж. 2653

    “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті! Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар. Зекенова Диана ТөлеубекқызыБ.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша...

  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    17 Ақпан 2025 ж. 2630

    17 ақпанында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заңсыз сыйақы мен коммерциялық пара алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.