24 тамыз күні Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру» бағыты бойынша секциялық тамыз кеңесі өтті.
Колледжге 19 облыстан делегация келді. Бұл – облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің басшылары, ТжКБ ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары.
Топтардың жұмысы барысында педагогтар 2023-2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындады, бұл экономика салаларына білікті кадрларды даярлау үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
#tipotamyz2023