Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    399
  • Кеше
    602

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» XІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияның қортындысы.

3131

2025 жылдың 28 ақпанында Павлодар облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж негізінде облыс, республика және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, колледж студенттері арасында «Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» атты XІІ ғылыми- тәжірибелік қашықтық конференциясы өтті.

Бұл – конференция, лингвистика және мәдениетаралық қарым-қатынастың өзекті сұрақтарын талқылайтын маңызды алаң болып қалыптасты. Мына бағыттар бойынша жазылған ғылыми ізденіс жұмыстары қабылданды:

1.       Қазіргі лингвистика: инновациялар мен даму бағыттары.

2.       Мәдениетаралық қарым-қатынас және заманауи тілдік зерттеулер.

3.       Шет тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер.

4.       Тіл мен мәдениетті зерттеудегі пәнаралық тәсілдер.

Конференцияға ЖОО ғалымдары, филология ғылымдарының докторлары мен ғылым кандидаттары, сонымен қатар білім беру басқармасының қызметкерлері қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен, атап көрсетсек Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қызылорда, Қостанай, Абай, Көкшетау облыстарынан және Ресей Федерациясының Қарасуық педагогикалық колледж студенттері мен Бурятия елді мекенінен қатысушылар болды.

Конференцияда оқыту арқылы тілдерді меңгерудің заманауи теориясы мен практикасы талқыланды және құндылық негізінде қарым-қатынас мәдениетінің өсуіне, кәсіби байланыс диапазонының кеңейтілуіне жағдай жасау платформасына айналды. Жасөспірімдердің бұл шараға қатысу белсенділігі мен жұмыстарының деңгейі тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Номинациялар мен жүлделер - https://drive.google.com/file/d/1oT5vk4LWV48DSynPdAgSYfVRqTnwpgTM/view?usp=sharing

 

Соңғы жаңалықтар

  • “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”
    18 Сәуір 2025 ж. 2388

      “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті! Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар. Зекенова Диана ТөлеубекқызыБ.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы...

  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    17 Ақпан 2025 ж. 2336

    17 ақпанында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заңсыз сыйақы мен коммерциялық пара алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.