Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    230
  • Кеше
    336

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Бүгінгі студент-ертеңгі маман»

1673

2023 жылдың 28 қарашасында «Павлодар қаласының №30 сәбилер бақшасы» базасында «Бүгінгі студент-ертеңгі маман» тақырыбында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 4 курс студенттері үшін семинар-практикум өтті.
Балабақша тәрбиешілері С.К.Асайнова, Х.Р.Оразгалина, Г.Негделхан қатысушыларды мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің инновациялық тәжірибесімен таныстырды, балабақша әдіскері С.Е.Асқарова мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берді, содан кейін студенттер топтарға бөлініп, әр топша «Марбл тастарын, Додекаэдр әдісі, «Сторисек» технологиясы, Дьенеш блоктары т.б. заманауи оқу құралдарын пайдалана отырып мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңа ойын немесе ойын жаттығуын құру тапсырмасын алды.

Барлығы жұмысқа белсене қатысып, өздеріне жүктелген міндеттерді шығармашылықпен орындап, тапсырмаларды абыроймен атқара отырып, тәрбиешілерден жоғары баға алды.

Соңғы жаңалықтар

  • “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”
    18 Сәуір 2025 ж. 2593

    “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті! Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар. Зекенова Диана ТөлеубекқызыБ.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша...

  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    17 Ақпан 2025 ж. 2570

    17 ақпанында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заңсыз сыйақы мен коммерциялық пара алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.