Білім алушыларды педагогика ғылымы мен кәсіби дағдыларын дамыту, терең білім алуға ынталандыру, тәрбиеші мамандығына қызығушылықтарын арттыру, болашақ мамандықтарының маңыздылығы мен мәнін түсіну мақсатында 2023 жылдың, қараша айының 22 мен 25 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде Мурзалимова Разия Шамильевна атындағы педагогикалық олимпиада өтті.
Мурзалимова Разия Шамильевна педагогикалық училищеде 1973 жылы өз жұмысын химия және биология пәндерінің оқытушысы болып қызметін бастады. 1992 жылдан 2005 жыл аралықтарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2007 жылдан 2013 жылдары «Бастауыш білім беру» бөлімінің меңгерушісі, ал 2013 жылдан 2020 жылдары-әдіскерлік қызметті атқарды. Разия Шамильевна бірнеше рет білім және ғылым Министрлігінде орта арнайы оқу орныдарын аттестациядан өткізу және лицензиялау комиссия мүшесі болып табылды.
Қырық жеті жылдың ішінде білім беру саласына колледждің құрылуы мен дамуына, ғылыми іргесінің қалануы мен заманауй дәстүрлер сабақтастығын берік ұстанып, бағасыз еңбегін сіңірген ағартушы-педагог деп айтуға болады.
2022 жылдан балаларды табиғатпен таныстыру және экология негіздері әдістемесі кабинеті Р.Ш.Мурзалимованың атымен аталды.
Пәндік олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде колледж оқытушылары мен студенттері, колледж басшысы М.К.Шабамбаева, еңбек ардагері И.А.Марчукова, бөлім меңгерушісі С.Б.Жангазиновалар Разия Шамильевна туралы жылы сөздер айтып, арнау өлеңін оқып, еске алды.
Педагогикалық олимпиада екі кезеңнен тұрды: біріншісі-тестілеу, екіншісі-теориялық біліммен практикалық білімнің біріккен тапсырмалары болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломды МДТО-41 тобының студенті Азнасир Нұршаш, ДВО-42 тобының студенті Фарафонова Даяна, 2 дәрежелі дипломды МДТО-41 Сәрсенбай Еркежан, ДВО-42 Фархутдинова Анель, 3 дәрежелі дипломды МДТО-31 тобының студенті Жастан Еркежан мен ДВО-32 тобының студенті Кондрашова Арина иеленді.