Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    218
  • Кеше
    336

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің жұмысындағы өзекті мәселелер мен заманауи тәсілдер» тақырыбында педагогикалық брифинг

2220

2023 жылдың 27 қарашасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілерінің жұмысындағы өзекті мәселелер мен заманауй тәсілдер» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің түлектері мен студенттерінің қатысуымен педагогикалық брифинг өтті. Бұл кездесудің модераторы - арнайы әдістемелер пәнінің оқытушысы О.В. Вычка болды. Бұл іс-шараның қонақтары «Павлодар қаласы санаторлық типтегі № 49 сәбилер-бақшысының» басшысы Ж.А. Смагулова., «Павлодар қаласы - «Радуга» үйлесімді дамыту орталығы № 96 сәбилер -бақшасы» КМҚК әдіскері Н.А. Бессонова., жоғары педагогикалық колледжінің 2013 жылдың түлегі, «Павлодар қаласы - № 25 сәбилер -бақшасы» КМҚК әдіскері Н.А. Шакирова болды.
Ольга Владимировна, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ балабақша педагогтарын даярлаудың ерекшеліктеріне тоқталды, колледж студенттері мен сәбилер-бақшасының педагогтарына келешек тәрбиешілерінің кәсіби маман ретінде қалыптасуы бойынша өзекті сұрақтарды талқылауды ұсынды.
Ж.А.Смагулова өз тәжірибесімен бөлісіп, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби құзыреттіліктеріне қойылатын заманауи талаптары жайлы әңгімеледі, студенттерді негізгі нормативтік құжаттармен таныстырды. Н.А.Бессонова өзінің әдістемелік жұмысы барысынан тәрбиешінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша белсенді іс-тәжірибелерді студенттерге көрсетті. Колледж түлегі Н.А.Шакирова педагог ретінде бастапқы қалыптасу жайлы әңгімелеп, студенттерді болшақ мамандықтарына мотивация және балаларды тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берді.
Брифинг барысында қонақтар, студенттердің қойған сұрақтарына толық жауап беруге деген құзыреттіліктері мен дайындығын көрсетті. Студенттер одан әрі ынтымақтастықта әрекет етуге деген үміттерін білдіре отырып, тартымды да қызықты диалог үшін қатысушыларға алғыстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар

  • “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”
    18 Сәуір 2025 ж. 2593

    “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық конкурсы өз мәресіне жетті! Іріктеу нәтижелері бойынша еліміздің ТОП-100 студентінің ішінде Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 студенті бар. Зекенова Диана ТөлеубекқызыБ.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша...

  • Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    17 Ақпан 2025 ж. 2570

    17 ақпанында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында заңсыз сыйақы мен коммерциялық пара алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.