Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    423
  • Кеше
    413

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

SCAFFOLD құралын пайдаланып инновацияларды енгізу.

2725

Биылғы жылдың 11-15 қараша күндері аралығында Түркіменстанның астанасы – Ашхабад қаласында SCAFFOLD Халықаралық жобасына қатысушы осы елдің 68 пилоттық білім беру мекмелерінің өкілдерімен Информатика және телекоммуникация институтында инновациялық жаңалықты енгізу тетіктерін пайдалану туралы кездесу өтті.
Әр оқу орнынан келген команда құрамында тренер-жаттықтырушы, басшының орынбасары мен бір педагог болды, кездесу барысында педагогикадағы көшбасшылық, ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті және командалық жұмыс тиімділігі талқыланды.

Бұл іс-шараға біздің еліміздің атынан Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде орынбасары Смаилканова Алтын Агнасовна Қазақстандағы пилоттық білім беру мекемесінің өкілі ретінде және SCAFFOLD бағдарламасының ұллтық тренері ретінде қатысып, іс-тәжірибемен бөлісті. Ол колледжде жүргізілген жұмыстың жүйелілігіне тоқталды, командалық жұмыстық тиімді тұстарын атап көрсетті және және SCAFFOLD бағдарламасының кәсіби мәдениетпен ұстаздардың жұмысқа қызығушылығын арттырудағы маңызын атап өтті.
Қазақстанда SCAFFOLD бағдарламасын жүзеге асыру 2024 жылы алғашқы 10 пилоттық білім беру мекемесінде бастау алды және аз уақыт ішінде мол тәжірибе жинақтап үлгерді.
Кездесу-семинарға қатысушылар халықаралық ынтымақтастықтың -инновациялық жаңалықтың білім кеңістігіне енуіне және өзгерістерге дайын болуға үйретіп, жетістікке жетелейтін тетік деп жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар

  • Есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар
    02 Желтоқсан 2025 ж. 2170

    2025 жылдың 2- шi желтоқсанында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжiнiң 60 оқушысының қатысуымен есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар  өттi. Семинар спикерi Павлодар облысы полиция Департаментi жанындағы жастармен есipткi бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы кеңесi төрағасының орынбасары Гульмира Шугабаева болды.

  • "Своя игра" тренингi
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2607

    1 желтоқсан 2025 жылы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждiң 1 курс студенттерi Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Темірғалиева Ирина Александровнамен, психикалық денсаулық сақтау орталығының психологi  Куликова Анна Александровнамен кездестi. Кездесу "Своя игра"...

  • «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері»
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2511

    Колледждің оқытушылары мен студенттері педагогикалық өзара әрекеттесуді, бірлескен шығармашылықты және педагог пен білім алушы арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері» республикалық педагогикалық идеялар байқауына қатысты. «Ынтымақтастық педагогикасы» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушысы Жангазинова С.Б. мен МДТО-41 тобының...

  • Волонтёрлық – бұл өмір салты!
    26 Қараша 2025 ж. 3075

    Колледждің «PUP» студент-еріктілер тобы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.К. Ахметованың жетекшілігімен, Дүниежүзілік еріктілер күні қарсаңында КММ «№7 арнайы мектеп-интернаты» базасында өткен іс-шараға қатысты.Белсенді де жанашыр студенттер колледж намысын қорғап, екі команда арасында өткен еріктілер сайысында шығармашылық, тапқырлық, командалық рух және...

  • SCAFFOLD құралын пайдаланып инновацияларды енгізу.
    21 Қараша 2025 ж. 2726

    Биылғы жылдың 11-15 қараша күндері аралығында Түркіменстанның астанасы – Ашхабад қаласында SCAFFOLD Халықаралық жобасына қатысушы осы елдің 68 пилоттық білім беру мекмелерінің өкілдерімен Информатика және телекоммуникация институтында инновациялық жаңалықты енгізу тетіктерін пайдалану туралы кездесу өтті. Әр оқу орнынан келген команда...

  • «Мен - кәсіпкермін»
    02 Қараша 2025 ж. 3578

    «Мен - кәсіпкермін» Гранд-турнирінің өңірлік кезеңі өтті.«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Петухова Ангелина (жетекшісі Е.С. Тлембаева, тарих пәнінің оқытушысы) «Білім, ақпарат және цифрлық технологиялар» бағытына қатысып, қорытындысы бойынша Республикалық кезеңге қатысушылар тізіміне енді. Елена Станиславовна мен Петухова...