Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    151
  • Кеше
    360

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Scaffold карталары- сабақты жоспарлау құралы»

4263

2025 жылдың 29 қазанында «Жаратылыстану және қоғамдық пәндер» онкүндігі аясында «Информатика мұғалімі» мамандығының студенттеріне арналған «Scaffold карталары- сабақты жоспарлау құралы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Модератор ретінде информатика пәнінің оқытушысы Тулкина Б.М. болды.

Іс-шараның мақсаты — студенттерді Scaffold карталарының мазмұнымен, құрылымымен және оларды сабақ жоспарлау барысында қолдану қағидаттарымен таныстыру.
Семинар DARYA Scaffold тұжырымдамасына негізделіп, сабақ жоспарлауда қадамдық, жүйелі және құзыреттілікке бағытталған тәсілді іске асыруға бағытталды.

Семинардың практикалық бөлімінде студенттер топпен жұмыс істей отырып, 6, 7 және 8-сыныптарға арналған «Информатика» пәні бойынша сабақ жоспарларын құрды.

Семинар нәтижелі әрі тартымды жағдайда өтіп, студенттердің сабақ жоспарлау барысында практикалық дағдыларын жетілдіруге жағдай жасады. Қатысушылар алынған білімнің пайдалы екенін атап өтіп, болашақ педагогикалық тәжірибелерінде Scaffold құралын қолдануға дайын екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

  • «Педагогикалық идеялар панорамасы–2025»
    22 Желтоқсан 2025 ж. 1997

    Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы–2025» байқауындаағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Гульмира Кабатаевна «Мәдениаралық сауаттылық» бағыты бойыншаІІ жүлделі орынға ие болды!Бұл жетістік – педагогтің кәсіби шеберлігінің, заманауи әдістемелерді тиімді қолдануының және мәдениаралық коммуникацияны дамытуға қосқан үлесінің айқын дәлелі.Құрметті әріптесімізді жеңісімен шын жүректен...

  • Есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар
    02 Желтоқсан 2025 ж. 2233

    2025 жылдың 2- шi желтоқсанында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжiнiң 60 оқушысының қатысуымен есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар  өттi. Семинар спикерi Павлодар облысы полиция Департаментi жанындағы жастармен есipткi бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы кеңесi төрағасының орынбасары Гульмира Шугабаева болды.

  • "Своя игра" тренингi
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2680

    1 желтоқсан 2025 жылы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждiң 1 курс студенттерi Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Темірғалиева Ирина Александровнамен, психикалық денсаулық сақтау орталығының психологi  Куликова Анна Александровнамен кездестi. Кездесу "Своя игра"...

  • «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері»
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2573

    Колледждің оқытушылары мен студенттері педагогикалық өзара әрекеттесуді, бірлескен шығармашылықты және педагог пен білім алушы арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері» республикалық педагогикалық идеялар байқауына қатысты. «Ынтымақтастық педагогикасы» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушысы Жангазинова С.Б. мен МДТО-41 тобының...