Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    628
  • Кеше
    690

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

Волонтёрлық – бұл өмір салты!

3167

Колледждің «PUP» студент-еріктілер тобы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.К. Ахметованың жетекшілігімен, Дүниежүзілік еріктілер күні қарсаңында КММ «№7 арнайы мектеп-интернаты» базасында өткен іс-шараға қатысты.
Белсенді де жанашыр студенттер колледж намысын қорғап, екі команда арасында өткен еріктілер сайысында шығармашылық, тапқырлық, командалық рух және жақсылық жасау қабілетін көрсетті. Байқау аралықтарында қатысушылар мен көрермендер үшін волонтерлер шағын ойындар ұйымдастырып, достық пен қолдау атмосферасын қалыптастырды.

Іс-шара өте жарқын, қызықты және динамикалы түрде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Баттл қорытындысы бойынша біздің команда белсенді қатысқаны үшін дипломымен марапатталды — бұл студенттеріміздің еріктілік қызметін дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетеді.
Құттықтаймыз! Белсенділігі, бастамашылдығы және өз ісіне деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз! Осындай игі әрі пайдалы шаралар көбейе берсін!

#Волонтерство#ДеньВолонтера#ДобрыеДела#Студенты#АктивнаяМолодежь#ВместеМожемБольше

WhatsApp Image 2025-11-26 at 13.49.00

WhatsApp Image 2025-11-26 at 13.48.59 (1)

Соңғы жаңалықтар

  • «Педагогикалық идеялар панорамасы–2025»
    22 Желтоқсан 2025 ж. 2020

    Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы–2025» байқауындаағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Гульмира Кабатаевна «Мәдениаралық сауаттылық» бағыты бойыншаІІ жүлделі орынға ие болды!Бұл жетістік – педагогтің кәсіби шеберлігінің, заманауи әдістемелерді тиімді қолдануының және мәдениаралық коммуникацияны дамытуға қосқан үлесінің айқын дәлелі.Құрметті әріптесімізді жеңісімен шын жүректен...

  • Есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар
    02 Желтоқсан 2025 ж. 2261

    2025 жылдың 2- шi желтоқсанында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжiнiң 60 оқушысының қатысуымен есipткiге қарсы флеш-тренинг-семинар  өттi. Семинар спикерi Павлодар облысы полиция Департаментi жанындағы жастармен есipткi бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы кеңесi төрағасының орынбасары Гульмира Шугабаева болды.

  • "Своя игра" тренингi
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2711

    1 желтоқсан 2025 жылы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждiң 1 курс студенттерi Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Темірғалиева Ирина Александровнамен, психикалық денсаулық сақтау орталығының психологi  Куликова Анна Александровнамен кездестi. Кездесу "Своя игра"...

  • «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері»
    01 Желтоқсан 2025 ж. 2599

    Колледждің оқытушылары мен студенттері педагогикалық өзара әрекеттесуді, бірлескен шығармашылықты және педагог пен білім алушы арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері» республикалық педагогикалық идеялар байқауына қатысты. «Ынтымақтастық педагогикасы» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушысы Жангазинова С.Б. мен МДТО-41 тобының...