Колледждің оқытушылары мен студенттері педагогикалық өзара әрекеттесуді, бірлескен шығармашылықты және педагог пен білім алушы арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған «Edcollab: бірге жұмыс істеу өнері» республикалық педагогикалық идеялар байқауына қатысты.
«Ынтымақтастық педагогикасы» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушысы Жангазинова С.Б. мен МДТО-41 тобының студенті Оралбаева Аружан әзірлеген практикалық бағыттағы воркшоп II дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Цифрлық коллаборация» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушысы Зикрина А.С. және БББ-32б тобының студенті Шакерхан Аягөз заманауи технологияларды қолдана отырып әзірлеген цифрлық білім беру ресурстары үшін III дәрежелі дипломға ие болды.
Бұл байқау кәсіби құзыреттерді, цифрлық және креативті дағдыларды дамытуға, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер арасындағы серіктестікті нығайтуға зор мүмкіндік берді.





Басты