Сайттың аналитикасы
- Бүгін
- 284
- Кеше
- 506
Жаңалықтар мұрағаты
Колледж тарихы
Павлодардағы 3-сыныптық қалалық училище 1872 жылы 31-мамырдың ережелері негізінде ашылды және «Ақмола-Семей облыстарындағы училище бөлімдерінің құрылымы туралы» 1881 жылы 27 қаңтардағы Императордың бекіту ережелері негізінде округтан қалалық училищеге айналдырылды.
Бұл Павлодардағы екінші оқу орны болып саналды (казак бастауыш мектебінен кейін). 1888 жылға дейін училище бір қабатты, тар, ағаш үйде орналасты. Біртіндеп ғимарат жақсарды. Жергілікті көпес-меценат А.И.Деров Козьминнен мұраға қалған капиталының бір бөлігін қайырымдылық мақсаттарға жұмсады. Бұл қаражатқа ол қалалық училищенің жаңа ғимаратын салуға ұйғарды. Құрылыс 1887 жылы басталып, 1888 жылы аяқталды. Айналадағы ағаш үйлермен салыстырғанда, бұл нағыз заманауи ғимарат болды. Ғимарат құрылысынан кейін А.И.Деров училищенің құрметті демеушісі және оқу орнының басшысы болды.
Бірінші гильдия көпесі Артемий Иванович Деров өзінің қайырымдылық шаралары үшін кеудеге тағуға арналған«За усердие» медалімен және мойынға тағуға арналған Станиславтік лентадағы бір алтын медальмен, 4 жылдан соң ғимарат құрылысынан кейін Халық Ағарту Министрлігі тағы бір Станиславтік лентадағы алтын медалімен марапаттады.
1881-1911 жылдардағы «Семей облысының шолуында» Павлодар училищесі жайлы мәліметтер шықты (мазмұны, оқушылардың саны, алғашқы училище кітапханасының жұмысы, мұғалімдер құрамы туралы дәлелдер бар)
Батыс-Сібір округінің естелік кітабы былай деді: «Павлодарлық үш сыныптық қалалық училище, қалалық қоғамдық үйіңде орналасқан. Мектептің техникалық қызмет көрсету үшін бөлінген қаражат: мемлекеттік қазынашылықтан- 2693 рубль, қалалық қоғамнан- 405 рубль, казактар суммасынан- 290 рубль, барлығы- 3390 рубль. 1899 жылы құрметті қамқоршы А.И.Деров 19 ғасырдың аяқталуына байланысты оқушыларға жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды, 220 рубль көлемінде оқушыларға кітаптар тарату үшін, сатып алуға жұмсалған. ХІХ ғасырдың соңында училищеде жұмыс істеген педагогтар: оқытушы-инспектор И.М.Скорновский, заң негіздерінің мұғалімі священник С.Н.Наумов, алғашқы мұғалімИ.Ф.Пономарев (670 рубль жалақы), екінші мұғалім А.В.Поникаровский,мұғалім көмекшісі, жалдамалы уақытша жұмыс істеді.
1907 жылы училищеде бір жылдық мұғалімдер оқу курстары жұмыс істей бастады, Томск губерниясының Бийск қаласынан аударылған, ал 3 жылдан соң, осы педагогикалық курстар ХалықтықАғарту Министрлігінің бұйрығымен екі жылдық курстарға айналды. Осы педагогикалық курстарында 1916-1917 жылдары Павлодардың болашақ мұғалімдері оқыды. Олар: А.В. Некрасов, кейінірек жазушы болды, Ленин орденінің ковалері; Н.Г.Радина - кейінірек Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі.
Оқушыларға арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сату, сол жылдары училищеде ашылған кітап қойма-дүкені арқылы жүзеге асты.
1912 жылы училище мемлекеттік қазынадан 2943 рубль 50 тиын, мемлекеттік бюджеттен 1080 рубль, казак қоғамынан 85 рубль алды. 1812 жылы училищенің өзіндік құрамы осындай болды: құрметті қараушы А.И.Деров, инспектор-мұғалім Ф.И.Овсянников, заң негіздерінің мұғалімі священник А.М.Павлов, алғашқы мұғалім Д.И.Зальников, екінші мұғалім А.В.Духанин, әскери тарих және гимнастика пәнінің мұғалімі В.В.Вишняков, уақытша мұғалім көмекшісі - А.И.Климов және Г.К.Таранькин.
Қазақстанның көрнекті ғалым-металлургі, академигі, Павлодар қаласының тумасы Қ.И.Сәтбаевтің замандасы әрі досы, 1916 жылғы училищенің түлегі Адриан Лукьянович Цефт есімі осы училищемен байланысты.
Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағатында (фонд 491) осы оқу мекемесінің жағдайы туралы қызықты мәліметтер сақталған. 1887 жылы 76 ұл бала оқыған, келесі жылы оқушылар саны 83 болды, олардың ішінен 62 православтік және 21 мұсылман. Әлеуметтік құрамдық белгілері бойынша училищеде шенеуніктер мен дворяндардан – 5, дін иелерінен - 3, мещандардан – 20, ауылдық тұрғындардан -33, қазақтардан – 21 бала оқыған.
Деровтің күш-жігерінің арқасында училище жаңа гербарийлер жинау топтамасын, 1888 жылдың 1 қаңтарына әр түрлі атлас, глобус және карталар-23, сызу мен сурет салу арналған басқа оқу-әдістемелік құралдар-3, көркем жазу-7, басқа оқу құралдары - 4 иеленді.
1918 жылғы жаңамектеп реформасына сәйкес 1920 жылы бастауыш училище жабылды. 1920 жылдың 1 қыркүйегінде ескі ғимаратында бұрынғы училище базасында Кеңес мектебініңекінші сатысы (онжылдық) ашылды. Ол 9 жыл жұмыс істеді. Бұл ғимарат қабырғаларында Ертіс бойындағы болашақ ақын Павел Васильевтің дауысы естелік ретінде сақталып қалды. Бұл мектепте ол 1926 жылға дейін оқыды. Колледждің қабырғасындаоның құрметіне арналып, мемориалдық тақта орнатылды. Қысқа ғұмырлымектеп өз эстафетасын жаңаоқу мекемесі - Өскемен қаласынан көшірілген педагогикалық техникумге тапсырды.
Павлодарға оқушылармен бірге (90 адам)көп жылдар бойы еңбек еткен мұғалімдер келді: Айманов Л.Г, Кожевников И.Л.; Фадеев А.К.; Фенцов С.И. және басқалары.
Павлодар педагогикалық техникумның алғашқы директоры, философия ғылымының кандидаты Клюковский Леонид Юлианович болды.
Педагогикалық техникум мұғалім кадрларын көбінесе ауылдар үшін даярлады, сол себепті басынан бастап ауыл шаруашылық бағытына икемделген.Осыған байланысты педагогикалық техникум 16 гектар, кейін 27 га қосымша азықтандыру шаруашылығын ұйымдастырды. Ол өндірістік практикаүшінғана емес, сонымен қатар студенттерге қосымша күнкөрісүшін азық-түлік алу шаруашылығын ұйымдастырды.
1930 жылы 7 сыныптық мектептер үшін 55 мұғалім даярланды.
Студенттер қала тұрғындарының арасында мәдени және білім беру жұмысын жүзеге асырды: ликбезде жұртшылықтыңсауаттылығын ашты, драма үйірмесінің даңқы үлкенболды. 1930 жылы үрмелі оркестр ұйымдастырылды. Жыл сайын студенттерауылдық жерлердетұқым себу компаниясына,егін жинауға, шөп шабуғаүлкен көмек көрсетті.
Педтехникумда мұғалімдер біліктілігін арттыру үшін курстар ұйымдастырылды. 3 жылда 550 адам өз біліктілігін көтерді. Қазақ ССР Білім министрлігі 11/09/37 жылдың №941 бұйрығында Павлодар облысының қайта даярлау және мұғалімдерді оқыту жоспары асыра орындалды деп көрсетілген.
1936 жылы Павлодар педагогикалық техникумы педагогикалық училище статусын алды. Осы училищеде қазақ бөлімі, сырттай және кешкі оқу түрлері ашылды. 30-жылдардың оқушыларының бақытына орай, олар атақты ғылым мен мәдениет қызметкерлеріненбілім алды.
1935-1937 жылдардағы педагогикалық училище директоры Семеняк Григорий Васильевич оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметіне лайықболды. Ол - Свердлов атындағы Коммунистік университетті бітірді, Ұлы Қазан төңкерісіның қайраткері, азаматтық және Карел-Фин соғысының ардагері, Бұқтырма облысындағы Қызыл партизан, Ұлы Отан соғысындағы полк комиссары.
Бардеев Павел Михайлович, 1938-1940 жылдарда педагогикалық училищенің директоры. Ол - Қазан көркемсурет мектебінде сәулет сыныбын бітірген,мұғалім болып жұмыс істеді. Саяси экономикаға оқулық әзірлеуге қатысу үшін Мәскеуге шақырылды. Содан кейін Қазақстанның халық комиссариатынаұлттық кадрлар даярлауға көмектесу үшін жіберілді.
Ұлы Отан соғысы басталды. Педагогикалық училище соғыс негізде қайта жаңартылды. Жоғары сынып оқушылары облыстық военкомат негізінде әскери-бұқаралық жұмысқа кірісті. Ғимаратты патриоттық ұрандармен безендірді, Қызыл Армияға шақырылғандармен сұхбат жүргізді,военкомат аппаратына құжаттарды рәсімдеуге көмектесті, түлектердіңсалтанатты қоштасу кештерін ұйымдастырды.
Павлодар педагогикалық училищесінің 3 «А» сыпып түлектері
1940-1941 оқу жылы
1941 жылдың соңында училище ғимараты Семиярск ауылына ауыстырылды.Училище ғимаратында жазғы мектеп орналастырылды. Соғыс кезінде қиындықтарға қарамастан 792 мұғалімдер даярланды.
Павлодар педагогикалық училищесінің 60-қа жуық түлектері мен оқытушылары Ұлы Отан соғысында өз туған жерін қорғау үшін шайқасты. Олардың ішінде екі Кеңес Одағының Батырлары: Серікбай Мүткенов қаза тапқаннан кейін 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды, Құдайберген Сұрағановқа 1945 жылыКеңес Одағының Батыры атағы берілді.Құдайберген Сұрағанов - соғыстан кейін оқутышылық қызметке қайта оралып, қазақ әйелдер педагогикалық институтының математика кафедрасында доцент болып жұмыс істеді. Училище директорлары А.И.Щербенко, Б.А.Ахметов Мәскеу үшін шайқасқа қатысты.Біздің түлегіміз Зинаида Игнатьевна Лысенко - Литва, Латвия, Шығыс Прусияны босатуға қатысты. Соғыстан кейін ол мектепке дейінгі жүйеде жұмыс етті. Училище түлегі Нуркин Қ екі мәрте Қызыл жұлдыз орденінің иегері, Отан соғысының I деңгейдегі орденімен,он медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін 20 жыл өткен оның Александр Невский ордені табылды. ,. Соғыстан кейін, 40 жыл бойы ол партия және кеңестік органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Қантай Елубаева - Хабаровскіде қызмет етіп, шекараның әуеге қарсы қорғанысын қамтамасыз етті, өмір бойы педагогикалық училищеде жұмыс етті. Соғыстан кейін ЖенПИ-ге оқуға түсіп, аяқтаған соң 46 жыл бойы педагогикалық училищеде тарих пәнінің мұғалімдік қызметін атқарды.
Отанның қорғаушылар қатарына қосылған училище түлектері: Прокошин А.И., Жұманов К, Сизых Я.Х., Милейко И.П., Әбенов Қ ., Бузунов Ф.В., Мамытбеков К.К., Насонов И.П., Крашенельник Н.М., Косогоров П.А. Майданға кетіп, қайта оралмағандар: Киян В.Н. Рахметов С.,Замятин Б., Васютин Н., Субеков К., Косаев И., Рязанцев И., Базилов Д., Бекенов Г., Артеменко Н., Бондарев В., Свиридов Г., Кабылбеков А., Валявко В., Колмагоров М., Мишин Л., Незавитин Н., Гринов В., Колаев М., Чургель М.Ф., Черноиванов, Смагулов, Сергеев Д., Макуха П.М., Муткенов С.
Соғыс аяталғаннан кейін ел экономикасын қайта қалпына келтіру басталды. Жұмысқа педагогикалық училище де белсене қатысады. Соғыстан кейінгі жылдардағы қиындықтарды педагогикалық ұжымы мен оқушылары, педучилище директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мұғалімі, Павлодар қаласының құрметті азаматы Бейсен Ахметов Ахметұлымен бірге жеңе білді. Ол училищені 24 жыл бойы басқарды. 1996 жылдан бастап училище қазіргі уақыттағы колледж Бейсен Ахметовтің есімімен аталады.
Тың көтеру эпопеясы училищенің дамуында ерекше із қалдырды. Дәл сол уақытта Житомирден келген Соловьева З.Ф, Костромадан келген Громова С.И., Одессадан келген Щипицына С.К. училищеде оқытушылық қызметін бастады.
Сол кезеңдегі түлектер Павдлодар қаласында ғана емес, Қазақстан Республикасы бойынша тарихта өшпес із қалдырды.
70-80 жылдар училищенің тарихы жаңа жетістіктермен ерекшеленді. Онда ескі және жаңа дәстүрлер бір-бірімен байланыса дамыды.1969 жылы оқу орнының жаңа ғимараты салынды. 1975 жылы жаңа жатақхана ашылды, 19 қазанда 1979 жылы колледждің тарихи мұражайы ашылды., 1986 жылы жаңа спорттық комплекс салынды.
1972-1989 жылдар аралығында педагогикалық училищенің директоры Куспанов С.К болды, Қазақ ССР-нің Ағарту озаты, «Құрмет белгі» орденімен марапатталған. Училищені дамытуға көп күш-жігерін жұмсады. Онымен бірге көп жылдар бойы оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Солтан К.В. және педагогикалық тәжірибе жетекшісі, Қазақ ССР-нің Ағарту озаты Пьянова К.И.жұмыс істеген.
1979 жылы педагогикалық училище жоғарғы көрсеткіштері үшін Социалистік жарыс жеңімпазы атанып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. 1980 және 1987 жылдары білім беру саласында Социалистік жарыс жеңімпазы атанған педагогикалық училищеге «Қызыл Ту» ұсынылды.
1982 жылы «А ну-ка, девушки!» үрмелі аспаптар оркестріне «Халықтық көркемөнер ұжымы» атағы берілді.
Жаңадаму кезеңінің мұғалімдері училище директоры Рубцов А.Г. (1989-2002жж.) басшылығымен тұрақты шығармашылық ізденісте болды. Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі оның орынбасары– Мурзалимова Р.Ш., оқу-өндірістік тәжірибе меңгерушісі - Кудерина А.Е., бөлім меңгерушісі - Авдонина А.Т., Төлегенов Ш.Т., сырттай оқыту бөлімініңмеңгерушісі–Сарсикеева М.А.
Қазақстан егемендігін алғаннан кейінгі жылдары оқу орны жаңаша даму бағытына аяқ басты.
1990 жылы қазақ тілінде оқытылатын топтар саны көбейді, оқу орнының материалдық- техникалық базасы нығайды. 4 компьютерлік сынып, 3 лекция залдары, халықтық педагогика және этнография кабинеті, шынығу залы ашылды, оқу-фильмдерін көрсету үшін спутниктік құралдар орнатылды, интернет желісі қосылды.
1993 жылы училище колледж статусын алды.
1998-200 жылдары жаңа мамандықтар ашылды. Олар «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі», «Дене тәрбиесі», «АКТ». 2004 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешіні дайындау қайтадан қалпына келтірілді.
2001 жылы колледж мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. Білікті кадр, мамандарды дайындаудың оқыту тәжірибесі,оқыту материалдық құралдары, колледжді негізгі базалық нысанға айналдырды.
2002 жылы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Бұханова болып тағайындалды. Колледж дамуының жаңа кезеңі басталды. Математика пәнінің мұғалімі Беннер Оксана Ивановна Республикалық «2002 жылғы Үздік оқытушы» конкурсында жеңіске жетіп, «Алтын адам» Гран-при жүлдесін жеңіп алды. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
2003 жыл «Жас толқын» ғылыми қоғамдастықтың ашылуымен ерекшеленді, «әдістемелік бюллетень» журналы қалалық және облыстық арнаулы жалпы орта білім беру мекемелері мен аймақ пен колледж ішінде «Рауан» газеті шығарылады. Сонымен қатар колледж Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерді дайындайтын республикалық орталық «Дарын» эксперименттік алаңына айналды.
Павлодар облысының ең көне оқу орнының тарихында елеулі оқиға 2003 жылдың қараша айында, облыс әкімі Нұрпейісов K.A сапары болды.Әкімнің 2004 жылы бұйрығы бойыншаХІХ ғасырдың тарихы мен сәулет ескерткіші болып табылатын ескі колледж ғимаратының күрделі жөндеу үшін қаражат бөлінген. Колледжінің 75 жылдығына қарай «Ұстаздар ұясы» кітабы шығарылды. 15 қазандаКеңес Одағының батырлары Сұрағанов К, Мүткенов С. және Социалистік еңбек ардагері М.Кабылбековаға мемориалдық тақталар орнатылды.
2006 жылдың сәуір айында О.В.Мищенконың басшылығында атты Ұлы отан соғысы қарсаңында өлеңдер мен әндер сайысы жөніндегі презентация өтті. Сондай-ақ «Атамұра», «Фемида», «Рухани бірлік» үйірмелерінің отырыстары, «Рауан» клубының ағылшын, орыс және неміс лигаларының құрамаларында ашық дебаттары өтті. Колледжішілік «2006 жыл ұстазы» сайысында орыс тілінің оқытушысы Е.Б.Степаненко, ал облыстық сайыста А.Е.Кудерина І орынға ие болды. Жастар қалалық мәслихатына Дәурен Абдрахманов (шет тілдер тобы 31) өтті. Мемлекеттік тілде өткен КВН-де, Колледж КВН командасы облыстық фестивалде жеңіскежетті.
2007 жыл колледждің КВН тобының Өскемен қаласындағы жеңісімен басталды. Касьянова Ү.К., Мищенко О.В. 7 студенттерімен Тараз қаласындағы «Жас ғалым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 2008 жылы колледж аттестациядан сәтті өтті.
2009 жылдың қыркүйек айында Павлодар педагогикалық колледжінің директоры болып К.К.Жумадирова тағайындалды. Әр аптаның басы ҚР Әнұранын айтудан басталды. Қараша айында «Колледж түлектерін еске алу» кітабы және «Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж» атты буклет жарық көрді. Желтоқсан айында Павел Васильевичтің 100 жылдығына орай колледж ұжымы ақынның туған-туысқандарымен кездесу өткізді.
Педагогикалық колледждің түлектері, өздеріне үлкен өмірге жол ашқан ыстық ұяларымен байланысын үзбейді. 2010 жылдың 10 сәуірінде 1944 жылғы педучилищенің түлегі, профессор, академик, ҚР минералдық ресурстар академиясының президенті Бекжанов Гинаят Рахметоллаұлы колледжға келді. Ернар Шамкенов, 1945 жылғы педучилище түлегі, ақын Аманжол Шамкеновтің ұлы, 27 сәуірде колледжге әкесінің кітапханасының бір бөлігін сыйға тартты.
2010 жылдың сәуір айында педагогикалық колледж «Дарынды оқытушы – дарынды оқушыға» атты V республикалық олимпиадада ІІІ орынды иеленді.
2011 жылдың наурыз айында Курмангалиева Махаббат пен Сейтен Азаматтың қатысуындағы «GODLIKE» тобы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Екібастұз политехникалық колледжінің 55 жылдығына орай өткен халықаралық дебат-турнирінде ІІІ орынға ие болды. Мамыр-маусым айларында педучилище түлегі, Кеңес Одағының батыры К.М.Сұрағановтың 90 жылдығы қарсаңында өткен облыстық салтанатты іс-шараларға педколледждің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.18 сәуірде –облыстық орта кәсіптік оқу ұйымдарының арасында өткен біріншілікте команда 4-ші орынға ие болды. Команданың үздік ойыншылары: Иевлев А. Васильев, Стрельник Р., Карлов Е. И. Назаров. 29 тамызбен 6 қыркүйек аралығында Канадада өткен халықаралық күш сынасу күресі (трёхборью)чемпионатында Ярагина Валерия 19 жасқа және 63 кг-ға дейінгі салмақ категориясында әлем чемпионы атанды. 21 қазанда 1948 жылғы педучилище түлегі, биология ғылымдарының докторы, академик Х.Д.Дюсембиннің 80 жас мерейтойы қарсаңында кездесу өтті. 2011 жылдың көктемінде, оқу ғимаратының қайта жөндеуі өткізілді, өзін-өзі зерттеу кабинеті жабдықталды, спорт кешені, күрделі колледжінің іргелес аумағы жөнделді.
2012 жылдың сәуірінде Әлемдік Фонд акциясына белсенді араласқаны үшін колледж Әлемдік фондтың Құрмет Грамотасымен марапатталды. ФВ-12 тобының студенті Наисбаев Султанбек акробатика бойынша өткен Қазақстан чемпионатында 1 орынды, ал АҚШ-та өткен әлемдік чемпионатта 7 орынды жеңіп алды. Миколута Наталья мен Рудакова Оксана акробатика бойынша өткен Қазақстан чемпионатында 1 орынды алды.
Мамыр айында өткен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік оқу-білім сайты» атты сайыста колледж ІІ орын алғаны үшін марапатталды. 2012 жылы «Шүлембаев оқулары» атты колледжде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Қоғамдық білім негіздері» секциясының циклдік комиссия мүшелері Ибраева Т.Б., Мищенко О.В., Мужикбаева Б.К., Канафина А.Н. белсенділіктерімен ерекшеленді.Сол жылдың 2- қарашасында Бейсен Ахметовтің құрметіне орнатылған ескерткіштің салтанатты түрде ашылуы өтті. 26 қарашада ақын-жазушы, драматург, колледж түлегі Аманжол Шамкеновтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.
2013 жылы Павлодар педагогикалық колледжінің директоры болып Шабамбаева М.К. тағайындалды. 2013 жылдың көктемінде колледжде алғаш рет «Ахметов оқулары» және 2014 жылы аумақтық Ахметов ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. АКТ-11 тобының студенті Туртулов Серик таеквандодан өткен Республикалық ашық турнирде 2-орынды иеленді.
2014 жылдың 2 ақпанында ППК-нің «Барлығы қосылған» жайдарман тобы «Ертіс» жайдарман лигасында «Қысқы жайдарман кубогын» жеңіп алды. 28- ақпанда колледж базасында алғаш рет колледж студенттері арасында ағылшын тілінде аумақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Наурызда ФВ-32 тобының студенті Баженова Виктория Пресс Айл қаласында, АҚШ-та өткен биатлон бойынша өткен әлемдік чемпионатқа қатысып, жоғарғы спорттық нәтиже көрсетті. ФВ-32 тобының студенті Наисбаев Султанбек Майя қалысында, Португалияда акробатикадан өткен әлемдік кубокта 2-орынды жеңіп алды. Сәуірдің 7-12 аралығында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Армандастар» студенттік театры республикалық фестивальге қатысты. ФВ-11 тобының студенттері Баймульдинов Аим дзюдодан республикалық ашық турнирде 1-орынға, ал Ястребова Дарья батутта секіру бойынша республикалық спартакиадада 1-орынға ие болды. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Козыбаков М.Т. жастар арасында таеквандодан ҚР ашық чемпионатында 3-орынды иеленді. Мамыр айында Жеңіс күні қарсаңында сынып сағаттары өткізілді. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық мұражайында ФВ-32 тобының жетекшісі мен мұражай кураторы Мищенко О.В. мұражайда сынып сағатын өткізді. 2014 жылдың қыркүйек айында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ахметова Г.К. «2014 жыл мұғалімі» атты республикалық сайыста жеңімпаз атанды.
Педагогикалық техникум – педагогикалық училище – педагогикалық колледж – тек қана Павлодарда емес, сонымен қатар облыстағы ең көне оқу мекемесінің тарихи жолы осындай.
Бұл колледжден көптеген педагог-ғалымдар, халқына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген ұстаздары, ақын-жазушылар, тілмаштар, әдебиеттанушылар шыққан. Олардың ішінде: ақын К.Идрисов, жазушы А. Шакенов, Б. Сейсебаев, Кеңес Одағының батырларыС. Мүткенов пе К.Сұрағанов. Ұзақ жылдар бойы училищенің директоры болған Бейсен Ахметов Павлодар қаласының құрметті азаматы, Республикамыздың еңбек сіңірген ұстазы.
Ертіс өлкесі бойындағы ең көне, өзінің көпжылдық тарихы, дәстүрлері және мән- мағынасымен ерекшеленетін Павлодар педагогикалық колледжі республикамыздың мақтанышы боларлық дарынды ұстаздарды даярлайтын педагогикалық ұжымымен ерекшеленеді.
Осы оқу орнынан үлкен өмір жолына көрнекті ғалымдар, әр түрлі талант иегерлері,шығармашылық адамдар, олардың көбі атақты ғалымдар, Социалистік Еңбек ардагерлері, атақты жазушылар мен ақындар шықты. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімдері, журналистер, мәдениет және білім беру ісінің құрметті қызметкері, әр түрлі деңгейдегі басшылары, халықтың құрметіне бөленді. Осының барлығы колледж мұражайында ерекше құрметпен сақталғанын көруге болады. Осы жылдар ішінде, колледж өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеуде құнды тәжірибесін жинақтаған және оның жақсы дәстүрлерін сақтап келеді.