Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    299
  • Кеше
    314

Жаңалықтар мұрағаты

Көрсету үшін ақпарат жоқ.

Колледж тарихы

 Павлодардағы 3-сыныптық қалалық училище 1872 жылы 31-мамырдың ережелері негізінде ашылды және «Ақмола-Семей облыстарындағы училище бөлімдерінің құрылымы туралы» 1881 жылы 27 қаңтардағы Императордың бекіту ережелері негізінде округтан қалалық училищеге айналдырылды.
       Бұл Павлодардағы екінші оқу орны болып саналды (казак бастауыш мектебінен кейін). 1888 жылға дейін училище бір қабатты, тар, ағаш үйде орналасты. Біртіндеп ғимарат жақсарды. Жергілікті көпес-меценат А.И.Деров Козьминнен мұраға қалған капиталының бір бөлігін қайырымдылық мақсаттарға жұмсады. Бұл қаражатқа ол қалалық училищенің жаңа ғимаратын салуға ұйғарды. Құрылыс 1887 жылы басталып, 1888 жылы аяқталды. Айналадағы ағаш үйлермен салыстырғанда, бұл нағыз заманауи ғимарат болды. Ғимарат құрылысынан кейін А.И.Деров училищенің құрметті демеушісі және оқу орнының басшысы болды.     1881-1911 жылдардағы «Семей облысының шолуында» Павлодар училищесі жайлы мәліметтер шықты (мазмұны, оқушылардың саны, алғашқы училище кітапханасының жұмысы, мұғалімдер құрамы туралы дәлелдер бар)