Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    21
  • Кеше
    476

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Тілдарын» облыстық олимпиадасы

1693

2023 жылдың 25 мамыр күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.

Шараның мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Аталмыш байқауға 18-25 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктілігін шыңдады.
Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Б,Ахметов таныдағы жоғары педагогикалық колледжінің 2022 жылғы түлегі, Ертіс ауданы мектебінің ағылшын тілі мүұғалімі Бейбіт Сансызбай, 3 орынды Шарбақты ауданы мектебінің ағылшын тілі мүұғалімі, колледжіміздің 2020 жылғы түлегі Құралай Қаирбай иеленді.

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

Соңғы жаңалықтар

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1849

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2202

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2189

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...

  • «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы
    29 Наурыз 2024 ж. 1809

    2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді. Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты. Форум аясында 9 әдістемелік...

  • «Көркем аруы» байқауы
    15 Наурыз 2024 ж. 1158

    2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.  Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22  тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз,...

  • Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты
    01 Наурыз 2024 ж. 1846

    2024 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қарағанды ​​қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты өтті. Бұл Чемпионатқа БББ-21 тобының студенті Сарсенбаева Малика қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз және Абу-Дабиде өтетін Әлем Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!