Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    79
  • Кеше
    352

Жаңалықтар мұрағаты

ЖаңалықтарЖаңалықтар мұрағаты

«Өрлеу» филиалында ашық есік күні

3592

Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» филиалында @orleu_pavlodar 2023 жылдың 31 мамырында «Б. Ахметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің» @b. akhmetov_zhpk.pvl. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Негізгі орта білім беру» мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған ашық есік күні өтті .

Қатысу аясында студенттер «Өрлеу» оқытушылар құрамымен кездесіп, бағыттар бойынша курстардың сабақтарына белсенді қатысты. Ашық есік күні колледж студенттеріне педагогтардің біліктілігін арттыру орталығымен, оның бағдарламаларымен, құрылымымен және оқытушыларымен танысуға мүмкіндік берді. «Өрлеудегі» бұл кездесу болашақ педагогтарға тәжірибе алмасу үшін тамаша платформа болып табылды және өзекті тақырыптарды талқылауда ой-өрістерін толықтырды.

Ашық есік күніне қатысу колледж студенттерін ерекше ынталандырды, колледжді бітіргеннен кейін білімін көтеру, өзін-өзі дамыту, біліктілігін арттыруға кеңеспен бірге бағыт алды. Мұндай тәжірибе алмасу болашақ мұғалімдер үшін өте пайдалы олар озық тәжірибелер мен оқыту әдістері туралы толық біле алады. Бұл ақпарат- оларға колледжді бітіргеннен кейін қосымша білім көтеру туралы шешім қабылдауға көмектеседі

Соңғы жаңалықтар

  • "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігі
    11 Сәуір 2024 ж. 1856

    "Жаратылыстану пәндері және қоғамдық пәндерінің" онкүндігінде 1 курс студенттері арасында "Жаратылыстану пәндерінен" квест ұйымдастырылды. Мақсаты: сабақтан тыс логикалық, шығармашылық жұмыстары арқылы студенттердің эрудициясын дамыту. Әр бөлімнен 5 команда қатысты. Студенттер қызығушылықпен қатысып белсенділік көрсетті. Квест қорытындысы 11.04.24 күні “Жаратылыстану пәндері”...

  • IT BATTLE
    04 Сәуір 2024 ж. 2207

    Колледжде 2 курс студенттері арасында IT BATTLE ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, жалпы информатика бойынша білімгерлердің білімдерін тиянақтау. Әр бөлімнен 3 команда қатысты. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін, ізденімпаздығын, логикалық ойлауын, интеллектуалдық қабілеттерін, топпен жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға...

  • “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс
    04 Сәуір 2024 ж. 2203

    Құрметті облыс тұрғындары! Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жұмыс берушілердің сұранысына орай “Тәрбишінің көмекшісі” дайындайтын қысқа мерзімді курс ұсынады. 18 жаспен зейнеткерлік жас аралығындағы жұмыссыз адамдардың барлығы қабылданады. Курс соңында сертификат беріледі және тұрақты жұмыспен қамтылады. Курсқа қатысушыларға 32681 теңге...

  • «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумы
    29 Наурыз 2024 ж. 1816

    2024 жылғы 29 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын өткізді. Форумға 250 жас педагог және Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4 курс студенттері қатысты. Форум аясында 9 әдістемелік...

  • «Көркем аруы» байқауы
    15 Наурыз 2024 ж. 1163

    2024 жылдың 15 наурызында Железин ауылында «Танысу», «Шығармашылық қойылым», «Үй тапсырмасы» (аспаздық байқау), «Дефиле» атты төрт кезеңнен тұратын «Көркем аруы» байқауы өтті.  Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ДВО-22  тобының студенті Дария Жумабекова жүлделі екінші орынға ие болды. Студентімізді марапатымен құттықтаймыз,...

  • Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты
    01 Наурыз 2024 ж. 1850

    2024 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қарағанды ​​қаласында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының IMMAF чемпионаты өтті. Бұл Чемпионатқа БББ-21 тобының студенті Сарсенбаева Малика қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз және Абу-Дабиде өтетін Әлем Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!