Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65
Қабылдау бөлмесі+7 (7182) 61-81-65

Сайттың аналитикасы

  • Бүгін
    238
  • Кеше
    293

Жаңалықтар мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп

Грамота Скачать

«Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ КМК «SANALY URPAQ» жобалық кеңсенің кешенді жұмыс жоспарын орындау бойынша есеп

 «Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ КМК «SANALY URPAQ» жобалық кеңсенің кешенді жұмыс жоспарына сәйкес келесі жұмыс ұйымдастырылды: 

1 тармақ. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Айгүл Белгібайқызы Оразалина тағайындалды. Колледжде «SANALY URPAQ» клубы жұмыс істейді, клуб жетекшісі Шакиров Н.М.

3 тармақ. Колледжде 1 семестр онлайн форматта ұйымдастырылды. Барлық оқу үрдісін ұйымдастыру барысында PLATONUS платформасы және онлайн сабақтар өткізу үшін ZOОM бағдарламасы қолданылады.

4 тармақ. Студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің болуы және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

5 тармақ. Колледж сайтында сыбайлас жемқорлық және академиялық адалдықты бұзу жағдайлары бойынша студенттер және оқытушылар мен қызметкерлер жүгіне алатын виртуалды қабылдау бөлмесі бар. 

10 тармақ. «SANALY URPAQ» клубының мүшелері «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің облыстық онлайн-семинарына қатысты;

11 тармақ. «SANALY URPAQ» клубының жетекшісі Н.М.Шакиров «Таза сессия» акциясын ұйымдастырды;

14 тармақ. «Парасаттылық сағаты» онлайн бейне-дәрістері колледж сайтында орналастырылған, сондай-ақ колледждің инстаграмм парақшасында жарияланған.

Осы жоспарды орындау іс-шараларынан басқа колледжде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді:

- «Адалдық жастардың көзімен» акциясы;

- «Жемқорлық - індет, жою міңдет» ақпараттық тәрбие сағаттары;

- «Қоғамдық тәртіп» дебаттық турнирі;

Өткізілген іс-шаралар туралы материалдар колледждің инстаграмм парақшасында рналастырылған.

Жұмыс қорытындысы бойынша жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін басшының орынбасары Г.И.Махамбетова Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің алғыс хатымен марапатталды.  «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Наурызбек Ақжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттағаны үшін Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз